Форум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Білім және ғылым / Соңғы 10 жылда Қазақстанда жасөспірімдер қылмысы ү...

Соңғы 10 жылда Қазақстанда жасөспірімдер қылмысы үш есеге төмендеді

Білім және ғылым 02.04.2025, 14:44 569
Соңғы 10 жылда Қазақстанда жасөспірімдер қылмысы үш есеге төмендеді
Сурет: Gov.kz

ҚР Оқу-ағарту министрлігінде Кәмелетке толмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі ведомствоаралық комиссияның 2025 жылғы алғашқы отырысы өтті.

Оның жұмысына орталық мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдардың, үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері қатысты.

Жиында кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтардың, қадағалаусыз және панасыз қалудың алдын алу, сондай-ақ балалардың қауіпсіздігі мен әл-ауқатын қамтамасыз етуге бағытталған жүйелі шаралар талқыланды, деп хабарлайды aqshamnews.kz Оқу-ағарту министрлігіне сілтеме жасап. 

Ресми статистикаға сәйкес, соңғы 10 жылда елдегі жасөспірімдер қылмысының деңгейі үш есеге төмендеген. Құқықбұзушылықтарды анықтау және тіркеу көрсеткішінің өсуіне қарамастан, 2024 жылдың қорытындысы бойынша қосымша 5%-ға азайғаны байқалады. Дегенмен, Жетісу, Ұлытау, Павлодар, Ақмола, Қарағанды облыстары, сондай-ақ Астана және Шымкент қалаларында әлі де нақты және мақсатты шешімдерді талап ететін мәселелер бар.

Ішкі істер министрлігінің өкілі атап өткендей, елімізде кәмелетке толмағандар арасындағы құқықбұзушылықтардың алдын алу бойынша кешенді жұмыс жүргізілуде. Алайда, әлеуметтік ортаның қарқынды өзгеруі бұл үдерісте мемлекеттік органдардан бастап ата-аналарға дейінгі барлық тараптардың белсенді қатысуын қажет етеді. Бұл тәсіл ҚР Оқу-ағарту министрлігіне қарасты Балалардың құқықтарын қорғау комитетінің талдамалық материалдарында да көрініс тапқан.

Комиссия ағымдағы жағдайды, жасөспірімдер арасындағы құқыққа қарсы мінез-құлықтың негізгі себептерін егжей-тегжейлі зерделеп, оларды әлеуметтендіру және алдын алу бойынша практикалық қадамдар ұсынды.

Отырысты қорытындылай келе, ҚР Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев жергілікті атқарушы органдарға алдын алу шараларын күшейтіп, жұмысты жүйелі негізде жүргізуді тапсырды. Ол құқықтық ағартуға, тәрбиелік жұмыстарға және бос уақытты тиімді ұйымдастыруға ерекше назар аудару қажет екенін атап өтті. Сонымен қатар, мектептердегі ата-аналарды педагогикалық қолдау орталықтарының және аймақтық психологиялық қызметтердің жұмысын жандандыруға басымдық берілді.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Қазақстан #жасөспірімдер қылмысы #үш есеге азаю
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматыда Журналистер аллеясы пайда болды

Бүгін 11:13

Алматыда былтыр із-түзсіз жоғалған ер адам өлі табылды

Бүгін 10:38

Алматыдан 853 шақырым жерде жер сілкінді

Бүгін 09:12

Жайдарманның үздік командалары Алматыда бас қосты

Кеше 20:41

Алматыда Зенков көшесінің бір бөлігі уақытша жөндеуге жабылады

Кеше 20:35
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика