AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Оқиға / СІМ Ыстанбұлда оқ тиіп жараланған қазақ жігітіне қ...

СІМ Ыстанбұлда оқ тиіп жараланған қазақ жігітіне қатысты мән-жайды түсіндірді

Оқиға 20.04.2023, 18:24 1,381 Almaty-akshamy
СІМ Ыстанбұлда оқ тиіп жараланған қазақ жігітіне қатысты мән-жайды түсіндірді
Сурет: Ашық дереккөз

Жарақат алған жігіт тек қызын ойлап отыр


Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияров Ыстанбұлда атыс кезінде жарақат алған жерлесіміздің жағдайына қатысты мән-жайды түсіндірді, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.



«Кеше біраз бұқаралық ақпарат құралдарында Ыстанбұл қаласында қазақ жігітіне оқ тиді деген ақпарат тарады. Сыртқы істер министрлігі бұл мәселеге қысқаша түсініктеме берді. Алайда, әлеуметтік желіде жарақат алған жігіттің жұбайының «Оқты денеден алу отасы ақылы қызмет, сондықтан біз бас тарттық, өйткені ақша басқа мақсатқа қажет» деген сөзі талқыға түсіп жатыр екен. Осы жерде бұл жанұяның жағдайын түсіндіре кетейін. Жарақат алған жігіттің аты Бегалы, жасы 32-де, өзім бағана тікелей хабарласып сөйлестім. Біраз әңгіме айттық, көшеде болған атыс туралы сұрадым, сонда ол ұялып маған айтқаны мынау болды: «Менің жағдайым жақсы, отаны жасап дәрігерлер оқты денемнен алды. Бүгін-ертең ауруханадан шығамын, бұл жерде жата беретін уақытым жоқ, өйткені кішкентай қызымызды емдеуге алып келгенбіз». Ыстанбұлда жарақат алған жерлесіміздің тек қызын ойлап отырғаны байқалды, дауысы және көңіл-күйі көтеріңкі екен, екі сөзінің бірі - қызым-қызым дейді. Аман-сау қалғанына қуанып отыр, сондай жарқын жомарт жігіт екен», - деп жазды Айбек Смадияров Facebook парақшасында.



Оның айтуынша, Ыстанбұлдағы дипломаттарымыздың көмегімен ота тегін жасалып, қолдан келген басқа да көмек көрсетіліп жатыр.



«Енді Бегалы бауырымыздың Айым атты кішкентай бүлдіршіні туралы айта кетейін. Түркияда қараша айынан бері рак ауруын емдеп химиотерапия өтіп жатыр, арнайы ота жасау қажет. Бірақ өздеріңіз білесіздер, рак ауруын емдеу үшін қомақтай қаражат талап етеді. Бегалы қызының еміне кішігірім сома жинап қойыпты, соны өзіне қимай Айымның отасына жұмсаймын деді. Қанша қаражат қажет деп сұрадым, қысылып айтпай қойды. «Көмек түсіп жатыр, жақсы адамдар бар, уайымдамаңыз, мен аяғыма тұрсам бәрін өзім шешемін» деп ер жігіттің сөзін айтып отыр. Қызын сондай қатты жақсы көретіні сөзінен де, көңілінен де көрініп тұр, оқ тиіп жарақат алған адамға мүлдем ұқсамайды. Әкенің қызына деген махаббаты қандай керемет, иә?», - дейді ол.



Бұған дейін Ыстанбұлда атыс болып, Қазақстан азаматы жарақат алғаны хабарлаған.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Ыстамбұл #жарақат
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

96 алматылық бір күнде АИТВ-ға жедел тест тапсырды

Бүгін 14:03

Тау кластеріне қатысты бірнеше экологиялық миф жоққа шығарылды

Бүгін 12:27

Алматы тау кластері кәсіпкерлікке жаңа серпін береді

Бүгін 12:26

Алматыда өткен қоғамдық тыңдауда жастар плакаттармен Almaty Superski жобасын қолдады

Бүгін 12:19

Алматы орталығында дүкенге заңсыз салынған қосымша құрылыс сүрілді

Бүгін 11:52
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);