AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Заң мен тəртіп / Цифрлық шешімдердің көмегімен алаяқтыққа қарсы күр...

Цифрлық шешімдердің көмегімен алаяқтыққа қарсы күрес күшейтілді

Заң мен тəртіп 02.09.2025, 11:13 672 Bakyt
Цифрлық шешімдердің көмегімен алаяқтыққа қарсы күрес күшейтілді
Сурет: интернеттен

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Әділетті Қазақстан: заң мен тәртіп, экономикалық өсім, қоғамдық оптимизм» атты Қазақстан халқына Жолдауын және өзге де тапсырмаларын жүзеге асыру аясында құқық қорғау саласында заманауи цифрлық технологияларды кеңінен енгізу қолға алынуда. Бұл – қылмыстың алдын алу мен азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз етудің басты тетігі.

Қазіргі таңда еліміз бойынша 19 мыңнан астам бейнебақылау камерасы жасанды интеллект технологияларымен жабдықталған. Олар адамның бет-әлпетін тануға, заттарды талдауға және көлік ағындарын бақылауға қабілетті. Жүйелер жедел басқару орталықтарымен интеграцияланғандықтан, оқиғаларға нақты уақыт режимінде жедел әрекет етуге мүмкіндік береді.

Полиция қызметкерлері де жаңа техникалық құралдармен қамтылуда: заманауи планшеттер, смарт-жетондар мен байланыс жүйелері тәртіп сақшыларының ұтқырлығын және жұмысының тиімділігін арттырды.

Азаматтар үшін ыңғайлы «102» мобильді қосымшасы, сондай-ақ eGovMobile және екінші деңгейдегі банктердің қосымшасына енгізілген «Заң және тәртіп» сервисі арқылы кез келген құқық бұзушылық туралы бір батырманы басу арқылы хабарлауға болады. Бұл қоғам мен құқық қорғау органдары арасындағы байланысты нығайтып, сенім деңгейін арттырады.

Сонымен бірге, цифрлық шешімдердің көмегімен алаяқтыққа қарсы күрес күшейтілді. Мәселен, алаяқтардың азаматтардың есеп-шоттарынан 2,2 млрд теңге көлеміндегі қаражатты ұрлау әрекетінің жолы кесілді. Қаржы нарығындағы құқықтық және цифрлық сауаттылықты арттыруға бағытталған түсіндіру жұмыстары да жүйелі түрде жүргізілуде.

Ержан Сәденов атап өткендей:
«Цифрлық технологиялар тек қауіпсіздікті қамтамасыз етуде ғана емес, халықтың құқықтық мәдениетін көтеруде де маңызды рөл атқарып отыр. Бұл – Қазақстанды құқықтық әрі әділетті мемлекет ретінде нығайтудың жаңа қадамы».

Телеграм арнаға жазылыңыз
#адам #қоғам #заң
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматы балаларға арналған бірегей оталардың алаңына айналды

Кеше 19:24

Қасым-Жомарт Тоқаевқа KEDEN, SmartCargo ақпараттық жүйелері мен көлік-логистика саласындағы цифрлық жобалар көрсетілді

Кеше 18:26

Мемлекет басшысы GITEX AI Central Asia & Caucasus көрмесіне барды

Кеше 18:20

Мемлекет басшысына Defense Tech қорғаныс пен қауіпсіздік саласындағы инновацияларды қолдау орталығы көрсетілді

Кеше 18:16

Мемлекет басшысы Presight AI басқарма төрағасы Томас Прамотедхамды қабылдады

Кеше 18:13
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);