AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Барлығы / Цифрлық серпіліс – денсаулық сақтау саласының жаң...

Цифрлық серпіліс – денсаулық сақтау саласының жаңа тынысы

Барлығы 12.09.2025, 10:07 582 Тілеген Гүлжайнат Өстемірқызы, Алматы қаласы, Наурызбай ауданы, 36 емхана басшысы
 Цифрлық серпіліс – денсаулық сақтау саласының жаңа тынысы
Сурет: автор

— Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың «Жасанды интеллект дәуіріндегі Қазақстан: өзекті мәселелер және оны түбегейлі цифрлық өзгерістер арқылы шешу» атты Қазақстан халқына Жолдауы – уақыттың талабынан туған стратегиялық құжат. Әсіресе, денсаулық сақтау саласының өкілі ретінде мен Президенттің цифрлық трансформацияға басымдық беруін ерекше қуанышпен қабылдадым. Өйткені бүгінгі күні сапалы медицина – озық технологиямен, жаңа мүмкіндіктермен және жасанды интеллектпен тікелей байланысты.

Жолдауда айтылған «цифрлық теңсіздікті жою» міндеті – қоғам үшін ғана емес, әрбір дәрігер үшін де аса маңызды. Біз науқастың жай-күйін жылдам анықтау, дерттің алдын алу және емдеудің тиімді жолдарын табу үшін заманауи цифрлық шешімдерге мұқтажбыз. Мысалы, жасанды интеллект медициналық деректерді талдап, диагностика сапасын арттыруға, уақыт үнемдеуге және адами фактордан туындайтын қателіктерді азайтуға көмектеседі. Бұл – медицинадағы жаңа дәуірдің бастамасы.

Президентіміздің «білім мен ғылымды технологиялық серпіліспен ұштастыру» жөніндегі тұжырымы да біз үшін бағдаршам іспетті. Жаңа буын дәрігерлері цифрлық сауатты, деректерді талдай білетін, технологияны игерген маман болуы шарт. Осы орайда, жасанды интеллекттің мүмкіндіктерін меңгеру – тек ІТ-мамандардың емес, дәрігерлердің де күнделікті қажеттілігіне айналмақ.

Еліміздің алдағы даму бағыты айқын: цифрлық технология – ұлттық бәсекеге қабілеттіліктің негізгі факторы. Біз осы өзгерістерге бейімделіп қана қоймай, оны медицинадағы адам өмірін сақтау мен денсаулықты нығайту ісінде тиімді қолдануға тиіспіз.

Сондықтан 36 емхана ұжымы Мемлекет басшысының бастамаларын толық қолдайды. Жасанды интеллект дәуірінде денсаулық сақтау саласы жаңа белеске көтеріліп, халықтың өмір сапасын жақсартуға бар күш-жігерімізді жұмсауға дайынбыз.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#цифрлық рейтинг #денсаулық саласы #жаңа тыныс
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Қытайдағы шахтада газ жарылып, 90 адам қаза тапты

Бүгін 17:28

Алматыда із-түзсіз жоғалған Ерзат Егізбайға қатысты тың дерек шықты

Бүгін 15:51

Қайрат Закирьянов жас футболшы Дастан Сатпаевқа арнайы академиялық грант табыстады

Бүгін 15:07

BilimClass электрондық журналы 25 мамырға орай ерекше науқан бастады

Бүгін 14:43

Енді несие беру табысқа қарай шектелуі мүмкін

Бүгін 14:10
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);