Форум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Заң мен тəртіп / Цифрландыру жол қауіпсіздігін қамтамасыз етуге көм...

Цифрландыру жол қауіпсіздігін қамтамасыз етуге көмектесіп жатыр

Заң мен тəртіп 29.05.2023, 05:02 1,100
Цифрландыру жол қауіпсіздігін қамтамасыз етуге көмектесіп жатыр
Сурет: Polisia.kz

Елордада ҚР Ішкі істер министрлігі мен Sergek Group компаниясының ұйымдастыруымен «Жол қауіпсіздігі саласындағы цифрландыру және жаңа технологиялар» тақырыбында форум өтті, – деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz. 


Polisia.kz сайтының мәліметі бойынша форумның ашылу салтанатында министрдің орынбасары Игорь Лепеха жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету және оны тиімді ұйымдастыру бағытында цифрлық технологияларды қолданудың маңыздылығына тоқталды.



– Өздеріңізге белгілі, біз полиция қызметкерлеріне көліктерді себепсіз тоқтатуға тиым салдық. Қазіргі уақытта тек жол жүрісі қағидалары бұзылған жағдайда ғана тоқтатамыз. Сондықтан да жол жүрісі қағидаларын сақтауды бақылауда цифрландырудың маңызы зор деп ойлаймын, – деді Игорь Лепеха.



Бүгінде Ішкі істер министрлігі жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету, жолдардағы өлім-жітім деңгейін төмендету мақсатында заманауи цифрлық шешімдерді, автоматты стационарлық және мобильді камераларды пайдалану бойынша ауқымды жұмыстар жүргізіп жатыр. Соның нәтижесінде жол-көлік оқиғалары 11%-ға, жарақат алғандардың саны 7%-ға, ал қаза тапқан жаяу жүргіншілердің саны 24%-ға азайып отыр. Сондай-ақ көлік жүргізушілер тарапынан жол жүрісі қағидаларын өрескел бұзу, қауіпті жүргізушілер мен жалған мемлекеттік тіркеу нөмірлерін анықтау бойынша енгізілген “Қорғау” жүйесі де өз жемісін көрсетіп жатыр.



– Министрдің тапсырмасына сәйкес біз «Қорғау» жүйесін Шымкент қаласында іске қостық. Бұл қосымша стационарлық камералар арқылы қауіпті жүргізушілерді анықтап, патрульдік полиция қызметкерінің қызметтік планшетіне жіберіп отырады. Осының негізінде жалған мемлекеттік нөмірлерді пайдалану арқылы жауапкершіліктен жалтарып жүрген жүргізушілерді де анықтадық, – деді ҚР ІІМ әкімшілік полиция комитеті төрағасының орынбасары Серік Түсіпов.



Форумға қатысушылар ішкі істер органдарының жұмысын жетілдіру мақсатында «Цифрлық полицей» жобасын, смартбейнежетондардың тиімділін, сондай-ақ жедел басқару орталығының жаңа бағдарламасын басқару үшін цифрлық технологияларды пайдалану мәселесін талқылады. Жиын соңында ішкі істер министрінің орынбасары Сәкен Сәрсенов қылмыстардың жолын кесу, анықтау және ашу кезіндегі жеделдік цифрландырудың артықшылығы екенін атап өтіп, форумға қатысушыларға алғысын білдірді.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Сергек #қорғау #цифрландыру
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматыда Open Almaty арқылы өтініш қабылдауға арналған бірыңғай 109 нөмірі іске қосылды

Бүгін 20:28

Танымал дзюдошы Әбиба Әбужақынова Ұлттық ұлан әскери қызметшілерімен кездесті

Бүгін 19:27

Исламда эвтаназияға неге рұқсат етілмейді?

Бүгін 18:24

Алматы әуежайын жаңғырту: терминал мен автотұрақтардың қызмет көрсету мүмкіндігі екі есеге артады

Бүгін 17:52

Алматыда демалыс күнгі жәрмеңкелер жаңғыртылады

Бүгін 17:49
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика