Freedom Референдум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Алматы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
  • 📰 Газет
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Алматы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

Басты бет / Заң мен тəртіп / Шымкентте сотталғандар азапталған: колония қызметк...

Шымкентте сотталғандар азапталған: колония қызметкерлері қамауға алынды

Заң мен тəртіп 05.01.2026, 17:00 239
Шымкентте сотталғандар азапталған: колония қызметкерлері қамауға алынды
Сурет: Polisia.kz

Шымкенттегі Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің өңірлік өкілі Нұржан Әбдезов сотталғандардың бірін жеке қабылдап, қабылдау барысында ол азаптау дерегі бойынша шағым түсіргенін айтты, - деп хабарлайды aqshamnews.kz тілшісі.

Тұтқынның айтуынша, 2025 жылғы маусымда мекеме қызметкерлері оны соққыға жығып, қолына кісен салып, темір торға іліп, 4 сағат бойы сол күйі қалдырған. Сондай-ақ, оның аяқ киімін шешіп алып, табанынан ұрғаны айтылған.

"Сонымен қатар, қабылдау кезінде басқа бір сотталғанның да соққыға жығылғаны анықталды: оның жақ сүйегі сынған", - делінген Қазақстандағы Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің сайтындағы хабарламада.

Өтініш қорытындысы бойынша медициналық көмекті уақытылы көрсетпегені үшін медицина қызметкерлері жазаланған. Сондай-ақ, мекеме қызметкерлеріне қатысты ҚР Қылмыстық кодексінің 362-бабы ("Билікті немесе лауазымдық өкілеттіктерді асыра пайдалану") бойынша соталды тергеп-тексеру тіркелген.

"Жоғары қадағалау органына қызметкерлердің әрекеттерін қайта қарау туралы өтініш жолданды, өйткені онда азаптау белгілері бар", - деп те көрсетілген хабарламада.

Нәтижесінде Бас прокуратура бұл ұстанымды қолдап, соталды тергеп-тексеру ҚР Қылмыстық кодексінің 146-бабы 3-бөлігі ("Қатыгез, адамгершілікке жатпайтын немесе қадір-қасиетті қорлайтын қарым-қатынас, азаптау") бойынша қайта сараланған. Мекеменің үш қызметкері қамауға алынды.

 
Телеграм арнаға жазылыңыз
#бас прокуратура #азаптау #сот
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

ҚазҰУ ғалымдары жаңа Конституция жобасын талқылады

Кеше 20:39

Алматыда әйелдер кәсіпкерлігін қолдау жобасының 13-маусымы қорытындыланды

Кеше 19:17

Алматыда алғаш рет әлемдегі ең ірі IT-көрмелердің бірі өтеді

Кеше 17:40

Алматылық ірі компания қызметкерлері Конституциялық реформаны қолдады

Кеше 17:23

Алматының өнер ұжымы конституциялық реформаны қолдайтынын білдірді

Кеше 17:17
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2024, "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті.