Форум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Жақыныңа жанашыр бол! / Шолпан Әуелбекова: Тұмау мен коронавирус бір уақыт...

Шолпан Әуелбекова: Тұмау мен коронавирус бір уақытта жұғуы мүмкін

Жақыныңа жанашыр бол! 13.10.2021, 04:53 2,060
Шолпан Әуелбекова: Тұмау мен коронавирус бір уақытта жұғуы мүмкін
dolgo-jv.ru

Теориялық тұрғыдан тұмау мен коронавирусты бір уақытта жұқтыруға болады, уақытылы емделіп, оның алдын алмаса, салдары ауыр болмақ, - дейді Алматыдағы №4 қалалық емхананың инфекционист-дәрігері Шолпан Әуелбекова.


Шолпан Әуелбекованың айтуынша, Алматыда маусымдық тұмауға қатысты ахуал тұрақты. Бүгінде тұмаудың ауыр түрімен сырқаттанған науқастар тіркелген жоқ.



«Біз маусымдық тұмауға дайынбыз. Жыл сайын эпидемиологиялық шаралар жүргізіледі. Тұмау мен ЖРВИ -дің алдын алу бағыттарының бірі – халықтың белгілі бір санатын қамтитын вакциналау. Тұмауға қарсы дәрі-дәрмектер де жеткілікті», - дейді дәрігер.



Спикердің сөзінше, егер коронавирус пен тұмау бір уақытта жұқса, оның салдары ауыр болуы мүмкін.



«Коронавирус механизмінде иммундық жүйенің бұзылуынан мультиваскулярлы синдром пайда болады. Бұл инфекциялардың комбинациясы науқастың жағдайын нашарлатуы мүмкін», - деп түсіндірді ол.



Сонымен қатар, ол коронавирус инфекциясын тұмаудан ажырата алу өте маңызды екенін атап өтті. Өйткені бұл ауруларды емдеу әдісі әртүрлі.



«Тұмау әдетте желтоқсан-ақпан айларында өршиді. Тұмау да, коронавирус та - жіті жұқпалы аурулар. Бастапқы кезеңде екеуінің белгілері ұқсас келеді. Сондай-ақ вирустардың екеуі де ауа-тамшы жолы және тұрмыстық байланыс арқылы жұғады. Алайда, коронавирус қарапайым тұмауға қарағанда – ауыр. Бұл індеттің асқыну пайызы жоғары», - дейді инфекционист.



Сөз соңында дәрігер барлық санитарлық шараларды сақтауды ұсынды.



«Бетперде режимі мен әлеуметтік қашықтықты сақтау қажет. Қолды жиі жуып, антисептик қолдануды тоқтатпаған жөн. Ең бастысы, вакцина алу керек. Бұл – аурудың алдын алудың бірден-бір жолы», - деп қорытындылады дәрігер.





Телеграм арнаға жазылыңыз
#Әуелбекова #маман #Кеңес
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

«Таза Қазақстан»: Ұлттық ұлан әскери қызметшілері сенбілікке белсене қатысты

Бүгін 18:49

Қала тазалығы – ортақ жауапкершілік: Алматыда мәдениет саласының өкілдері сенбілікке белсенді қатысты

Бүгін 16:55

Алматылықтар «Желтоқсан» саябағында сенбілікке қатысты

Бүгін 14:45

Болашақтың саясында өткен мереке: Алматыда «Тамырлас» жобасы басталды

Бүгін 14:19

ІІМ басшысы Сәденов Алматыдағы жол апатына қатысты бірқатар мәлімдеме жасады

Бүгін 14:15
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика