Шетелдік тәжірибе – отандық білімге серпін

Шетелдік тәжірибе – отандық білімге серпін Сурет: Самат Құсайынов

Алматы мемлекеттік бизнес колледжінде биылғы «Жұмысшы мамандықтары жылы» аясында «Тұрақты гастрономия – аспаздық дәстүрлерді сақтау» деп аталатын маңызды басқосу өтті. Мұндағы басты тақырып – балаларды дұрыс тамақтануға үйрету және осы бағыттағы мәдениетті қалыптастыру жөнінде өрбіді. Жиынға қатысушы мамандар да тағам сапасына енген жаңа талаптарды тілге тиек етті.

Алдымен сөз кезегін қалалық Білім басқармасының бас маманы Үміт Жиенбайқызы алып, Алматы қаласында соңғы үш жылда техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының арнайы пән оқытушылары мен өндірістік оқыту шеберлері шетелдік тағылымдамалардан өтіп, өз тәжірибелерін білім беру жүйесіне енгізіп отырғанын жеткізді. 

Жыл сайын 200 маман шетелге тағылымдамадан өтуге жіберілсе, соңғы екі жылда 400-ге жуық маман тәжірибе жинақтап қайтқан. Әрине, мұндай көрсеткіш Алматы қаласының білім жүйесінің халықаралық талаптарға бейімделіп жатқандығының нақты дәлелі. Өткізіліп отырған конференцияның да негізгі мақсаты – мамандардың шетелде жинаған білімдері мен тәжірибелерін жергілікті білім жүйесіне енгізу, әсіресе, мектептер мен колледждердегі оқушылардың дұрыс тамақтануын ұйымдастыру мәселелерін талқылау. Яғни мұндағы үштаған серіктестік – білім, бизнес және денсаулық, – деп атап өтті.

Сөз кезегін алған Алматы мемлекеттік бизнес колледжінің директоры Айнұр Мұқажанова мектеп пен колледждердегі тамақтандыруды ұйымдастыру ережелеріндегі соңғы өзгерістерге тоқталды. Спикер өз сөзінде ағымдағы жылдың 19 мамырынан бастап күшіне енген ҚР Оқу-ағарту министрінің бұйрығы негізінде, балалар мен студенттердің тағаммен қамтылуына қатысты жаңа талаптар енгізілгені туралы баяндап, оның тиімді тұстарына тоқталды. Мұндағы біртұтас сатып алу платформасы арқылы азық-түлік пен қызметтерді жеткізуді ұйымдастыру, сапа мен санитарлық талаптарды күшейту, тағам қауіпсіздігін қамтамасыз етуге басымдық беру сынды жаңалықтар балалардың денсаулығы мен оқу үдерісінің тиімділігіне оң әсер етеді. Сонымен қатар, бюджет қаржысын ашық әрі тиімді жұмсауға да мүмкіндік береді. Осы орайда, өзім басшылық етіп отырған колледж қазіргі таңда аграрлық сала, туризм, органикалық фермерлік және кулинарлық брендтерді дамыту бағытында бірқатар жобалар жүргізіп жатыр. Біздің мақсатымыз – дәстүрлі мәдениетті сақтай отырып, оны заманауи стандарттарға бейімдеу.

Сонымен қатар, аталмыш іс-шараға тек білім беру қызметкерлері ғана емес, сондай-ақ оқушылардың тамақтануына тікелей әсер ететін жұмыс берушілер мен жалпы білім беретін мектептердің өкілдері де қатысып, өз ой-пікірлерін ортаға салды. Жалпы, осынау үш жақты серіктестіктің бала денсаулығы мен тәрбиесіне қатысты кешенді мәселелерді тиімді шешуге кеңінен мүмкіндік беретіні анық. Сонымен, аталмыш конференция – білім беру, денсаулық сақтау және тағам қауіпсіздігі саласындағы мамандардың басын қосып, балалардың денсаулығы мен дұрыс тамақтану мәдениетін қалыптастыруға бағытталған маңызды диалог алаңы болды. Қатысушылар осындай кездесулер арқылы Алматы қаласының білім беру жүйесі жаңа деңгейге көтеріліп, оқушылар мен студенттердің өмір сүру сапасын арттыруға нақты қадамдар жасалатынын жеткізді. Жиын соңында конференцияға қатысқан колледж жетекшілері жаңа талаптарды жүзеге асыруға дайын екендерін мәлімдеді. Сонымен қатар, болашақ асхана қызметкерлері мен тағам жеткізушілерді қайта даярлап, қауіпсіз әрі сапалы тамақтандыру жүйесін енгізуге белсене атсалысатындарын жеткізді.

Конференция барысында Алматы мемлекеттік Бизнес колледжінің арнайы пәндер оқытушысы Л.Дұрымова, «QAZAGO» оқу орталығының директоры Г.Асамұратова, «СООКSКZ» ЖШС бас директоры А.Архангельский, С.Асфендияров атындағы ҚазМҰУ профессоры А.Қожахметова ерте жастан тамақтану мәдениетін қалыптастыру, салауаттылық, денсаулықты нығайту тұрғысында баяндамалар жасады.   

Қазақстанда ересектердің 50%-ы артық салмақпен тіркелген, ал Алматыдағы балалардың семіздік көрсеткіші орта есеппен 12%-ға жеткен. Сонымен қатар, жыл сайын 350 мың тоннаға жуық тағам қалдықтары жиналады. Азық-түліктің 40%-ы шетелден әкелінеді. Мұның барлығы – тағам сапасына, бағасына және қолжетімділігіне тікелей әсер ететін жайттар екені анық.

Тақырыпқа орай: 

Қайрат БЕГАЛИН,

Алматы қаласы мәслихатының депутаты, Денсаулық сақтау, білім беру және жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі комиссия төрағасының орынбасары:

Жаңа жобалар жүзеге асып жатыр

Тұрақты гастрономия – тек мәдениет емес, тұрғындардың денсаулығы мен өмір сапасына тікелей әсер ететін маңызды фактор. Оның айтуынша, Алматы қаласында бұл бағытта мектеп асханаларын жаңарту, жергілікті фермерлермен серіктестік орнату, тағам қалдықтарын азайту, пайдалы тағам тұтыну мәдениетін насихаттау сияқты нақты жобалар жүзеге асып жатыр. Бізді толғандыратын негізгі мәселелердің бірі – тұрақты даму жағдайында әлеуметтік тепе-теңдікті сақтау. Бұл тұрғыда еңбек нарығындағы әділеттілік, бақылау жүйелері және халықтың әл-ауқатын арттыру басты назарда болуы тиіс.

 

Елена ТЕРЕЩЕНКО,

«Ордабасы Құс» ЖШС Бас директоры:

Халықаралық нарыққа  жол ашатын  маңызды жетістік 

Қазақстандағы тұрақты гастрономияда күркетауық етінің әлеуеті зор. Бұл өнімнің адам ағзасына тигізетін пайдасы да ұшан-теңіз. Сондықтан мектеп асханасындағы ас мәзірінен өзге, отбасында да күнделікті қолдануымыз керек. Соңғы жылдары бүкіл әлем сын-қатерлер – вирустық қауіптер, экономикалық тұрақсыздық және геосаяси шиеленістермен бетпе-бет келіп жатыр. Осындай жағдайда басқару жүйелерінің тұрақтылығы мен икемділігі аса қажет екені байқалады.

Былтыр еліміздің ғылыми қауымдастығы мен жоғары оқу орындары маңызды жобаларды жүзеге асырды. Бұл – отандық өнімдердің халықаралық нарықтарға шығуына жол ашатын маңызды жетістік. Елімізде өндірілетін бірқатар тауарлар бүгінде арнайы брендке айналып, Алматы символының бір бөлшегіне айналды. Сонымен қатар, студенттік орта да айтарлықтай өзгеріп жатыр. Осы ретте дұрыс тамақтану, өндіріс пен тұтыну мәдениетінің өзгеруі – бұлардың барлығы бізді жаңа шешімдер іздеуге итермелейді.

 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды
3
Ұнамайды
0
Күлкілі
0
Шектен шыққан
0
Соңғы жаңалықтар

10:24

09:30

22:06

20:52

20:49

20:46

18:19

17:47

17:00

16:23

16:13

15:39

15:15

14:52

14:48

14:14

13:37

12:51

12:36

11:39

11:02

10:52

10:47

10:14

09:55