AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
  • Жаңа Конституция
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Білім және ғылым / Шетелдегі қазақ тілін оқытушылар әдістемелік көмек...

Шетелдегі қазақ тілін оқытушылар әдістемелік көмек алды

Білім және ғылым 28.10.2021, 11:46 1,816
Шетелдегі қазақ тілін оқытушылар әдістемелік көмек алды
Сурет: Edexpert.ru

Шетелдегі қазақ тілін оқытушылар біліктілігін арттырды


«Абай институты» бағдарламасы аясында АҚШ, Түркия, Ресей, Франция, Германия, Британия, Бельгия, Иран, Моңғолия, Өзбекстан, Мажарстан мемлекеттерінде тұратын қазақ диаспорасы өкілдеріне қазақ тілін үйретіп жүрген оқытушылары әдістемелік көмек алды, деп хабарлайды аlmaty-akshamy.kz ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.


Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Тіл саясаты комитетінің тапсырысымен жүзеге асқан шара аясында оқытушыларға әдістемелік көмек ретінде «Қазақ тілін үйрету: отандық және шетелдік тәжірибе» курсы ұйымдастырылды.


«Отандастар» қорымен бірлесе отырып, қазан айында онлайн режимде өткізілген шараның ұзақтығы бір аптаны құрады. Курстың басты мақсаты шетелдердегі қазақ мәдени орталықтарына ғылыми-әдістемелік қолдау көрсету және Қазақстан аумағынан тыс жерде тұрып, қазақ тілін үйреніп және үйретіп жүрген қандастарымызға қолдау көрсету.


Курсты қазақ тілін үйретіп жүрген отандық оқытушылар мен әдіскерлер өздерінің жылдар бойы қалыптасқан тәжірибелері негізінде деңгейлер бойынша (А1, А2, В1, В2, С1) жүргізді. «Тіл-Қазына» орталығының әдістеме басқармасының басшысы Айгүл Орманова шараға қатысушыларға сандық технологияның көмегімен қазақ тілін ана тілі және екінші шет тілі ретінде оңтайлы үйрету, оқытудағы әдіс-тәсілдерді, әдістемелерді, технологияларды қазіргі кезең талаптарына байланысты қолдану жолдарын көрсетті.


Қатысушылар тілді қашықтан тиімді оқытудың әдіс-тәсілдерімен танысып, өзара тәжірибе алмасты. Сондай-ақ оқытушылар қазақ тілін үйретуге арналған үздік оқу-әдістемелік құралдармен танысты. Курсқа 250-ге жуық тыңдаушы қатысып, сертификатқа ие болды.




Телеграм арнаға жазылыңыз
#қазақ тілі #біліктілік #оқытушылар
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматыдағы әскери институтта мектеп оқушылары үшін Ашық есік күні өтті

Бүгін 17:36

Түркияда тоғызқұмалақ, бестемше және мангала ойындарынан халықаралық жарыс басталды

Бүгін 17:17

Қазақстандық дзюдошылар ел қоржынына 5 қола салды

Бүгін 16:28

Алматының сегіз ауданында 10 мыңға жуық тұрғынның қатысқан жергілікті сенбіліктер өтті

Бүгін 15:57

Алматыда Карьерная көшесінде тұрғындар мен коммуналдық қызмет өкілдерінің қатысуымен сенбілік өтті

Бүгін 14:41
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика