Форум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Барлығы / Шаңғы тебу тәніңді де, жаныңды да шынықтырады

Шаңғы тебу тәніңді де, жаныңды да шынықтырады

Барлығы 02.01.2026, 15:15 491
Шаңғы тебу тәніңді де, жаныңды да шынықтырады
Сурет: Алматы қаласының өңірлік коммуникациялар қызметі

CentralMedia24kz жаңалық порталының журналисі әрі SMM-бөлімінің жетекшісі Илья Ролдугин спортпен сән мен денсаулыққа бола айналысып жүрмегенін айтады. Спорт — тәртіпке баулып, күйзеліске төтеп беруге көмектесіп, адамның көңілін аулайды. Ильяның өзі осы жасқа дейін тай боксы мен биатлоннан бастап, біраз саланың басын қайырыпты.  Алматылықтарды да қыста тауға шығып, шаңғы тебуге шақырды осы жолы.

«Бала кезімнен қозғалысты жақсы көретін адаммын. Спорттың қай түріне болсын қызықтым», — дейді Илья.

Біраз уақыт бойы тай боксымен әуестенеді. Ол мінезін орнықтырып, жан-жақты ойлауды үйретіпті.  

Уақыт өте келе сырттай тыныш көрінетін, бірақ ішкі талаптары кем түспейтін жаңа нәрсені байқап көргісі келеді.

«Мылтық атуға қызығатынмын, жүгірген аса ұнамайтын. Сөйтіп бір күні шаңғы теуіп көріп, күтпеген жерден биатлонға жол аштым», — деп еске алады Илья. Бұл спорт түрі оған төзімділік, зейін мен ішкі тепе-теңдікті қалыптастыруға көмектескен.

Шаңғы мен биатлон Ильяның өміріне біраз өзгеріс алып келеді.

«Шаңғы - ішкі тыныштық, төзімділік сияқты бұрын жетіспеген нәрселерді сыйлады», — дейді. 2012 жылы Илья жарыста екінші орын алып, ол өміріне үлкен бетбұрыс әкеледі. «Биатлон - күшті есеппен жұмсап, салқынқанды болуды, атқан кезде де дәл тигізіп, асығыстық жасамауды үйретті»,- деп еске алды.

Бұлар былайғы өмірде де кәдеге жарады. 2017 жылдың мамырынан 2018 жылдың мамырына дейін Илья шекара әскерінде қызмет атқарды. Әскерде ол Ұлттық қауіпсіздік комитеті төрағасының медалімен марапатталды. Одан кейін де спортты тастамай, IPSC практикалық атысы форматына ауысады.

Илья қазір спортты ішкі тірек деп қабылдайды.

 «Мен үшін спорт тәннің күштілігі ғана емес. Бұл — энергия, таза ой мен ішкі тәртіп. Ол күнделікті өмірдің артық шуын азайтып, ең керек нәрсеге ғана көңіл бөлуге көмектесіп, адамды сабырлы әрі мықты етеді», — деп көргін-түйгенін айтты.

Алматылықтарды да шаңғы тебуге шақырды. «Үйде жата бергенше бір рет байқап көрсеңіз, өмір бойы қар кешіп, шаңғының таяғын қолыңыздан тастамай кетуіңіз мүмкін. Спорт – өміріңізді бастан-аяқ өзгертіп, тәніңді де, жаныңды да шынықтырады»,- дейді оны өз басынан өткерген Илья Ролдугин.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Алматы #шаңғы #журналист
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Жайдарманның үздік командалары Алматыда бас қосты

Кеше 20:41

Алматыда Зенков көшесінің бір бөлігі уақытша жөндеуге жабылады

Кеше 20:35

Өмірзақ Айтбаевтың 90 жылдығына арналған ғылыми жиын өтті

Кеше 19:18

Алматыда 3 сәуірден бастап жылу кезең-кезеңімен өшіріле бастайды

Кеше 19:13

Алматыда Жамақаев көшесінің бір бөлігі уақытша жөндеуге жабылады

Кеше 18:43
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика