AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Саясат / Шаймардан Нұрымов: Әр қазақстандық мемлекеттік тіл...

Шаймардан Нұрымов: Әр қазақстандық мемлекеттік тілді білуі тиіс

Саясат 21.10.2021, 15:08 1,807
Шаймардан Нұрымов: Әр қазақстандық мемлекеттік тілді білуі тиіс
Сурет: Inform.kz

Этномәдени орталық өкілі Президенттің Ассамблея кеңесінде айтқан бастамаларын қолдайды


Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың қатысумен өткен Қазақстан халқы Ассамблеясының кеңейтілген отырысында айтылған мәселелерге қатысты «Қазақстан ұйғырларының республикалық этномәдени орталығы» қоғамдық бірлестігінің төрағасы Шаймардан Нұрымов өз ойын білдірді, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz


Этномәдени орталық өкілінің айтуынша, елдегі тіл мәселесін ол үнемі айтып жүреді. Қазақ жерінде тұрғандықтан, осы елдің мемлекеттік тілін әрбір адам білуі тиіс деп санайды. 




«Мен өзім осыған дейін Қазақстан Парламентінің депутаты болғанымда, бірнеше газет-журналдарда осы пікірімді айтқанмын. Егеменді елде өмір сүріп жатқанымызға 30 жыл болды. Біз қазір қазақ жерінде, Қазақстан елінде тұрып жатырмыз. Сол үшін кеңесте сөз сөйлеген әріптестеріммен бірге Президентіміздің сөзін қолдаймын. Айтарым - әрбір қазақстандық мемлекеттік тілді және қазақ тілін меңгеруі керек. Қазақстандық болғандықтан, білуге тиісті», - дейді этномәдени орталық басшысы. 




Шаймардан Нұрымов басқарып отырған этномәдени орталықта да мемлекеттік тілді үйрену мәселесі алға қойылған. Айтуынша, Қазақстан ұйғырларының бірлестігі көп жылдардан бері осы бағытта жұмыс істеп келе жатыр. Қазақ тілін үйрету топтары ашылған. Онда мұғалімдер тіл үйретіп, көптеген кездесулер өтеді.
Сонымен қатар, спикер Президенттің Ассамблея кеңесінде Достық үйлерін ашу бастамасын қолдайтынын айтты. 




«Президентіміз Достық үйлері жайында өте жақсы пікірлерін білдірді. Достық үйлері тек жиналыс ашатын орын емес, ол Қазақстандағы әртүрлі этнос өкілдерінің бір-бірімен туысқандай араласып, іс-шаралар өткізетін орын болсын деп айтты. Біздің Алматыдағы Достық үйі шын мәнінде осы күнге дейін де сондай іс-шараларға атсалысып келген. Ұйғыр мәдени орталығы айына бір рет сондай кең ауқымдағы іс-шаралар өткізіп тұрады», - дейді Шаймардан Нұрымов.  




Этноорталық жақында Тәуелсіздіктің торқалы тойына арналған үлкен іс-шара өткізген.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Ассамблея #мемлекеттік тіл #кеңейтілген отырыс #достық үйі
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Қазақстан құрамасы көркем гимнастикадан Азия чемпионатында күміс медаль жеңіп алды

Бүгін 17:41

“Қайраттың” бұрынғы капитаны Сергей Рожков өмірден өтті

Бүгін 16:19

Астанада қалалық ауруханада жұмыс істеген медбикеден туберкулез анықталды

Бүгін 15:10

Ер адам саксофон тартқан балаға оқ атқан

Бүгін 15:02

Алматыдан оңтүстік-батысқа қарай 300 шақырым жерде жер сілкінісі болды

Бүгін 14:38
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);