AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Саясат / Сенат Төрағасы Патриарх Кириллмен кездесті

Сенат Төрағасы Патриарх Кириллмен кездесті

Саясат 26.11.2021, 09:05 2,202
Сенат Төрағасы Патриарх Кириллмен кездесті
Сурет: Е.Укибаев

Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының Спикері Мәулен Әшімбаев Мәскеу қаласына жасаған жұмыс сапары кезінде Мәскеу және Бүкіл Русь Патриархы Кириллмен кездесті


Сенат Төрағасы Орыс Православ Шіркеуінің басшысына Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың 2022 жылғы қыркүйекте өтетін Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің VII Съезіне шақыру хатын тапсырды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz


Мәулен Әшімбаев қазақстандықтар Аса Қасиетті Патриарх Кириллдің әлемде моральдық, адамгершілік құндылықтарды ілгерілетуге, дінаралық диалогты дамытуға, халықтар арасындағы бейбітшілік пен келісімді нығайтуға қосқан үлесін жоғары бағалайтынын атап өтті.


Кездесуде алдағы Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің Съезіне дайындық барысы да талқыланды.



«Өткен 18 жылдың ішінде алты Съезд ұйымдастырылды. Осы аралықта қазақстандық дінаралық форум беделді және белгілі ашық диалог алаңына айналды. Осы мүмкіндікті пайдалана отырып, Мәскеу Патриархатына Қазақстан бастамасына тұрақты және белсенді қолдау білдіріп келе жатқаны үшін алғысымызды білдіреміз», – деді Мәулен Әшімбаев.



Сенат Төрағасы алдағы Съезге «Пандемиядан кейінгі кезеңде адамзаттың рухани-әлеуметтік дамуындағы әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің рөлі» тақырыбы арқау болатынын айтты. Сенат Спикері жаңа жағдайда қазіргі заманның сын-қатерлеріне тойтарыс беру үшін бірлесіп әрекет етудің маңызды екенін атап өтті.


Сұхбат барысында тараптар Қазақстан мен Ресейдің өзара қарым-қатынасының дәстүрлі жоғары деңгейіне назар аударды.



«Екі елдің ынтымақтастығын дамытуға Қазақстанның Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев үлкен үлес қосты. Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев осы саяси сабақтастықты жалғастыра отырып, елдеріміз арасындағы өзара байланысты одан әрі нығайтуға баса мән беріп келеді. Қазақстан Парламентінің Сенаты өз тарапынан елдеріміздің басшылары қол жеткізген уағдаластықтарды құқықтық тұрғыдан қамтамасыз етіп, Қазақстан-Ресей қатынастарын әрі қарай дамыту үшін барлық қажетті жағдайды жасауда», – деді Мәулен Әшімбаев.



Өз кезегінде Аса Қасиетті Патриарх Кирилл Қазақстан Президентіне Съезге қатысуға шақырғаны үшін алғысын жеткізді.


Орыс Православ Шіркеуінің Басшысы Қазақстанның дінаралық диалогты жаһандық деңгейде ілгерілету жұмыстарын жоғары бағалады. Патриарх Кирилл Қазақстанның Тұңғыш Президенті – Елбасының ел Тәуелсіздігін нығайтудағы және бейбітшілік пен келісімнің тиімді үлгісін қалыптастырудағы аса көрнекті рөлін айрықша атап өтті. Сондай-ақ ол Мемлекет басшысының осы саяси сабақтастықты сақтай отырып, қазіргі таңда елдегі қоғамдық келісімді одан әрі нығайтуға үлкен үлес қосып келе жатқанына назар аударды. Орыс Православ Шіркеуінің Басшысы Қазақстан мен Ресейдің өзара қарым-қатынасының жоғары деңгейін де тілге тиек етті. Ол рухани лидерлер елдеріміздің одақтастық серіктестігін әрі қарай нығайту және дамыту үшін қолдан келгеннің бәрін жасауға тиіс екенін атап өтті.


Кездесу соңында Сенат Спикері Қазақстанның дінаралық диалогты дамытуға қатысты бастамалары Орыс Православ Шіркеуінің қызметімен үндесетінін тілге тиек етті. Мәулен Әшімбаев алдағы уақытта да дінаралық диалог пен келісімді халықаралық деңгейде ілгерілету бойынша ынтымақтаса жұмыс істеуге дайын екенін жеткізді.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Сенат #төраға #кездесу #сапар
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Қазақстан құрамасы көркем гимнастикадан Азия чемпионатында күміс медаль жеңіп алды

Бүгін 17:41

“Қайраттың” бұрынғы капитаны Сергей Рожков өмірден өтті

Бүгін 16:19

Астанада қалалық ауруханада жұмыс істеген медбикеден туберкулез анықталды

Бүгін 15:10

Ер адам саксофон тартқан балаға оқ атқан

Бүгін 15:02

Алматыдан оңтүстік-батысқа қарай 300 шақырым жерде жер сілкінісі болды

Бүгін 14:38
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);