AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлем / «Сазген сазы» Вена төрінде: қазақ музыкасы Musikve...

«Сазген сазы» Вена төрінде: қазақ музыкасы Musikverein сахнасында шарықтады

Әлем Бүгін 17:54 45 yakiya
«Сазген сазы» Вена төрінде: қазақ музыкасы Musikverein сахнасында шарықтады

Қазақтың бай музыкалық мұрасын әлемге танытып жүрген «Сазген сазы» фольклорлық-этнографиялық ансамблі Вена қаласында жеке шығармашылық концертін сәтті өткізді, – деп хабарлайды aqshamnews.kz тілшісі.

Алматы қаласы әкімдігінің қолдауымен және Қазақстан Республикасының Аустриядағы елшілігі ұйымдастыруымен өткен кеш әлемдегі ең беделді концерт залдарының бірі – Musikverein сахнасында өтті.

Классикалық музыканың алтын ордасы саналатын бұл сахнада өнер көрсету – кез келген шығармашылық ұжым үшін үлкен мәртебе. Ансамбль концерті еуропалық көрерменнің зор қызығушылығын тудырып, маңызды мәдени оқиғаға айналды.

Кеште Қазақстанның халық артисі Нұржамал Үсенбаева, Вена консерваториясының түлегі, Mahler Philharmoniker жетекші солисі Айгүл Шамшиденова және әнші Жеңіл Ержанов ансамбльдің сүйемелдеуімен өнер көрсетіп, көрерменге ерекше әсер сыйлады.

Концерт Қаражорға күйімен басталып, Нұрғиса Тілендиевтің «Әлқисса», «Ата толғауы» шығармаларымен, сондай-ақ халық әндерімен жалғасты. Бағдарлама ұлттық туындылармен ғана шектелмей, Батыс классикасымен үйлесім тапты. Вольфганг Амадей Моцарт пен Иоганн Штраус шығармалары қазақтың ұлттық аспаптарында орындалып, еуропалық көрерменді тәнті етті.

Ансамбльдің көркемдік жетекшісі, ҚР еңбек сіңірген қайраткері Бағдат Тілегенов концерттің жоғары деңгейде өткенін атап өтті. Оның айтуынша, кешке 30-дан астам шетелдік елші, халықаралық ұйымдардың, соның ішінде БҰҰ және ЮНЕСКО өкілдері, сондай-ақ Аустрияның зиялы қауым өкілдері қатысты.

Көрерменнің сұрауы бойынша өнерпаздар кеш соңында бірнеше шығарманы қайта орындап, қошеметке бөленді.

«Сазген сазы» ансамблі бұған дейін де Қытай, АҚШ, Түркия, Франция, Германия және басқа да елдерде өнер көрсетіп, қазақ мәдениетін лайықты деңгейде танытып келеді.

Ұлттық музыкалық мұраны әлемдік сахнада насихаттап жүрген ұжымның Musikverein залындағы концерті – қазақ өнерінің халықаралық беделін арттырған маңызды мәдени оқиға.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Вена
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматыда «Гүлденген мегаполис» атты көрме өтті

Бүгін 18:57

Майдангерлерге – 5 миллион теңге

Бүгін 18:50

Парижге жаяу барған 76 жастағы қария «Құрметті спорт қызметкері» атағын алды

Бүгін 18:47

Қазақстанда Орталық Азиядағы ең ірі жүгеріні терең өңдеу зауыты іске қосылады

Бүгін 18:43

«Абай қырандары» Өзбекстандағы жарыста жүлделі екінші орынды иеленді

Бүгін 18:40
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика