AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Барлығы / Сандар сөйлесін: 2025 жылы Алматыда шетелдік турис...

Сандар сөйлесін: 2025 жылы Алматыда шетелдік туристер ең көп барған орындар

Барлығы 15.12.2025, 17:48 410
Сандар сөйлесін: 2025 жылы Алматыда шетелдік туристер ең көп барған орындар
сурет: Алматы әкімдігі

Mastercard компаниясының мәліметінше, 2025 жылы қаңтар–қараша аралығында шетелдік туристер Алматы қаласындағы түрлі орындар мен көрікті жерлерге жоғары қызығушылық танытқан.

Ең танымал бағыт ретінде Shymbulak тау шаңғы курорты тіркеліп, оның үлесі 30,62% болды. Бұл туралы Алматы қаласының Туризм басқармасының өкілдері айтты.

Туристер арасында сұранысқа ие өзге орындар қатарында: Үлкен Алматы көлі – 7,84%, Медеу – 6,24%, MEGA сауда-ойын-сауық орталығы – 5,52%, Арбат – 4,64%, Шарын шатқалы – 4,35%, Орталық мәдениет және демалыс саябағы – 4,35%, Көлсай көлі – 3,92% бар.

Мәдени-тарихи және рухани нысандар ішінде көш бастап тұрғандар: Көктөбе – 12,8%, Вознесенский шіркеуі – 12%, Қазақстан Республикасының Орталық мемлекеттік музейі – 7,2%, Көк базар – 6,4%, Тұңғыш Президент саябағы – 4%, Ықылас атындағы халық музыкалық аспаптар музейі – 4%, Алматының Орталық мешіті – 3,2%.

Аталған деректер туристер қызығушылығының алуан түрлі екенін және қаланың бірегей мәдени мұрасына деген назардың жоғары екенін көрсетеді. Туризм басқармасында атап өткендей, Алматы таулары туристер үшін негізгі орын болып қала береді. Ал «Шымбұлақ» пен «Ой-Қарағай» курорттарын аспалы жолдар мен жаяу бағыттар желісі арқылы біріктіру туристерді бөлуге, демалыс үшін қолайлы әрі қауіпсіз орта қалыптастыруға, сондай-ақ Алматының халықаралық туристік орталық ретіндегі тартымдылығын күшейтуге мүмкіндік береді.

Бұған дейін хабарланғандай, биылғы жылдың үш тоқсанында Алматыға 563 мың шетелдік турист келген. Бұл өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 11% жоғары. Жыл соңына дейін шетелдік туристер саны 750 мың адамға жетеді деп болжанып отыр.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#туризм #Алматы
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматылықтар алғаш рет ұлттық киіммен жаппай мұз айдынында сырғанады

Бүгін 20:06

ЖАҢАРУ МЕН ЖЫЛУЛЫҚ ЖАРШЫСЫ: ҰЛТТЫҚ ҰЛАНДА «НАУРЫЗНАМА» ОНКҮНДІГІ ЖАЛҒАСЫН ТАПТЫ

Бүгін 19:25

Қостанай облысының 4365 педагогі кітап оқу марафонында 15 кітаптан оқыды

Бүгін 18:14

Алматыда Ұлттық киім күніне орай сән көрсетілімдері өтті

Бүгін 18:04

Қаламгер рухына құрмет

Бүгін 17:55
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика