конституция 2 шілде
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Саясат / Сайлау, жастар және ашық диалог: Алматыда өткен Дү...

Сайлау, жастар және ашық диалог: Алматыда өткен Дүниежүзілік сайлау күні аясындағы алғашқы екі күннің қорытындысы

Саясат 27.01.2026, 17:26 714
Сайлау, жастар және ашық диалог: Алматыда өткен Дүниежүзілік сайлау күні аясындағы алғашқы екі күннің қорытындысы
Сурет: Gov.kz

26 және 27 қаңтар күндері Алматы қаласында Дүниежүзілік сайлау күніне орай бірқатар іс-шаралар өтті. Екі күн ішінде қаланың аумақтық сайлау комиссиялары  әр түрлі форматтағы 16 іс-шара – семинарлар, дәрістер, пікірталастар, дөңгелек үстелдер мен интерактивті кездесулер ұйымдастырып,  жалпы саны 825 адамды қамтыды. Оның ішінде 626-сы – жастар.

Барлық іс-шаралар «Электоралды қағидаттар – сайлаушы сенімінің негізі» ұранымен өтіп, заң үстемдігі, сайлау құқығы, азаматтық жауапкершілік және электоралды мәдениетті дамыту мәселелеріне арналды.

Алғашқы күні қаланың барлық аудандарында учаскелік сайлау комиссиялары мүшелерінің құқықтық сауатын арттыруға бағытталған оқыту семинарлары мен дәрістер, сондай-ақ оқушылар мен студенттерге арналған сайлау заңнамасының негіздері және адал әрі ашық сайлау қағидаттары жөніндегі тақырыптық кездесулер өтті.

Екінші күні жастармен жұмыс істеудің интерактивті форматтарына басымдық берілді. Мегаполистің білім беру ұйымдарында қонақ дәрістер, пікірталас, дөңгелек үстелдер және шығармашылық байқаулар ұйымдастырылып, оның барысында қатысушылар жеке таңдаудың маңызын, азаматтық ұстанымды қалыптастыру жолдарын және сайлауға қатысудың ел болашағына ықпалын талқылады.

«Мұндай бастамалар құқықтық сауаттылық деңгейін арттырып қана қоймай, жастармен тұрақты әрі нәтижелі диалог орнатуға мүмкіндік береді, сонымен қатар белсенді әрі саналы болашақ сайлаушылар буынын қалыптастырады», – деп атап өтті Алматы қаласының аумақтық сайлау комиссиясында.

Өткізілген іс-шаралар қатысушылардың құқықтық мәдениетін нығайтуға, азаматтық белсенділікті дамытуға және сайлау үдерісіне жауапкершілікпен қарау көзқарасын қалыптастыруға ықпал етті.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#сайлау #Диалог
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматыда биыл 100-ден астам жеделсаты ауыстырылады

Бүгін 16:25

Азия Олимпиадалық кеңесінің өкілдері Алматының 2029 жылғы қысқы Азия ойындарына дайындығын бағалады

Бүгін 15:50

Ұлттық ғылым академиясы KazNARU базасында Қытай ғылым академиясымен бірлескен One Health зерттеулер орталығын ашты

Бүгін 15:47

Air Astana Қазақстанда бірінші болып DHL GoGreen Plus сертификатын алды

Бүгін 15:39

Алакөл жағалауында «Алакөл толқыны» фестивалі өтті

Бүгін 14:16
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);