Форум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Жолдау 2023 / Ринат ЗАЙЫТОВ, «Алатау» дәстүрлі өнер театрының ди...

Ринат ЗАЙЫТОВ, «Алатау» дәстүрлі өнер театрының директоры: Оңтайлы өзгерістер әкеледі

Жолдау 2023 31.03.2022, 07:15 3,314
Ринат ЗАЙЫТОВ, «Алатау» дәстүрлі өнер театрының директоры:  Оңтайлы өзгерістер әкеледі
YouTube

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың биылғы Қазақстан халқына Жолдауын біз асыға күттік, үлкен қобалжумен тыңдадық. Себебі, осы жолы Президент бұрынғы дәстүрді өзгертіп, елдің негізгі бағыт-бағдарын айқындау, Жаңа Қазақстанды құру бойынша нақты қадамдарды атады.



Жолдауда айтылған түйінді мәселелер Қазақстан азаматтарының да көңілінен шықты деп ойлаймын. Атап айтатын болсам, еңсесі түсіп, әбден тозыңқырап қалған өңірлердің қайта жандануына мүмкіндік беріп, Абай, Ұлытау, Жетісу облыстары ашылды. Бұл соңы емес болар. Өйткені, бізде әлі де ондай аймақтар бар. Сонымен қатар, Конституциялық сот, Ұлттық құрылтай, Есеп комитетінің орнына жоғары аудиторлық палата құру, мәслихат төрағасы лауазымын енгізу, сайлау заңнамаларының сақталуын қадағалау үшін байқаушылардың құқықтары мен жауапкершілігін нақты белгілеу, мажоритарлық сайлау жүйесін қолдану, Президенттің өкілеттік кезеңінде партияға мүшелігін тоқтату міндетін заңнамалық түрде ресімдеу, әкімдер мен олардың орынбасарларына партия филиалдарында қызмет атқаруға заң жүзінде тыйым салу, бұқаралық ақпарат құралдарының бәсекеге қабілетті және еркін болуы және т.б. біз үшін үлкен қуаныш. Барлығы тегіс құптарлық. Тағы бір көңіл қуантатыны, Алматы облысының орталығы Қапшағайға Қонаевтың есімін беру туралы айтылды. Егер таңдау халық жақта болса, қазірдің өзінде 80 пайызы қолдайды.



Өзінің басшылық мысымен, Президенттік өкілеттілігімен осы жылдың ортасына дейін жоғарыда аталғандардың орындалуын талап етуі біз үшін серт бергенмен бірдей болды. Орындалу мерзімі белгіленген Жолдау бір Құдай бұйыртса ешқандай кедергісіз елімізге оңтайлы өзгерістер әкеледі. Соны көруге жазсын. Жасасын, Жаңа Қазақстан! Президент Жолдауына алғыс білдіреміз.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Қазақстан #президент #жолдау
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматыда студент жастарға арналған «Jas Gala» қалалық фестивалі

Бүгін 18:15

"Отаға қатысуды таңдадым". Жетінші рет әке атанған Төреғали Төреәлі қызына қандай есім бергенін айтты

Бүгін 17:54

Бас-ми жарақатын алған: Астанада психикалық денсаулық орталығының фельдшеріне шабуыл жасалды

Бүгін 17:20

Зорлау ісімен сотталған блогер Думан Ерқанат бостандыққа шықты

Бүгін 16:57

Халықаралық тәжірибе Қазақстандағы балалар нейрохирургиясын қалай дамытып жатыр?

Бүгін 16:47
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика