Форум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Барлығы / "Реал Мадрид" Алматыға келді - видео

"Реал Мадрид" Алматыға келді - видео

Барлығы 29.09.2025, 01:15 627
"Реал Мадрид" Алматыға келді - видео
depositphotos.com

Мадридтік "Реал" футболшылары Алматы әуежайына қонды. 30 қыркүйекте олар алматылық "Қайратпен" Чемпиондар лигасындағы ойынын өткізеді, - деп хабарлайды aqshamnews.kz тілшісі. 

Футбол жанкүйерлері әуежайға ұшақ қонғанға дейін жиналып үлгерген. Футболшылар ұшақтан түсіп, қонақүйге беттеді. Олар бірнеше ақ автобусқа мінді.

Жанкүйерлер әуежай мен спортшылар тұрақтайтын қонақүйдің алдында жиналып тұр. Олар әлеуметтік желіде тікелей эфир ашып, әсерін бөлісіп жатыр. 

Болат Айтмолда

Әуежай ғимараты мен оның маңы полицияның қатаң бақылауында.

"Реал Мадридтің" Алматыға рейсін 22 мыңнан аса адам бақылаған. Бұл Flight Radar сервисіндегі ең танымал рейс болды.

Бұған дейін мадридтік "Реал" "Қайратқа" қарсы ойнайтын құрам тізімін жариялаған болатын. Осы ұшақпен бірге "Реал Мадрид" жанкүйерлері де ұшып келді.

Айта кетейік, Алматыға Трент Александр-Арнольд, Антонио Рюдигер, Ферлан Менди, Даниэль Карвахаль және Эдер Милитао келмеді. Олар жарақат алған ойыншылар тізімінде.

Еске салайық, биылғы маусымда "Қайрат" өз тарихында алғаш рет Чемпиондар лигасына қатысып отыр. Алматы командасының елдегі алғашқы матчі 30 қыркүйекте сағат 21:45-те мадридтік "Реалға" қарсы өтеді.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Алматы #Реал Мадрид #Мбаппе #винисиус
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматылық спортшылар Turkish Open халықаралық турнирінде жүлделі орындарға ие болды

Бүгін 18:07

Алматы мейрамханалары мен аспаздары WHERETOEAT халықаралық гастрономиялық сыйлығының қысқа тізіміне енді

Бүгін 18:02

Қазақстандық гимнастар Мысырдағы Әлем кубогы кезеңінде өнер көрсетеді

Бүгін 17:57

Алматы орталығындағы мейрамхананың террасасы сот шешімімен сүрілді

Бүгін 17:33

Алматы Орталық Азиядағы медициналық туризм орталығы ретіндегі позициясын нығайтып келеді

Бүгін 17:18
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика