AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
    • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
    • • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Экономика / Қызылорда облысында жүгеріні терең өңдеудің алғашқ...

Қызылорда облысында жүгеріні терең өңдеудің алғашқы кезеңі басталды

Экономика Бүгін 09:45 48
Қызылорда облысында жүгеріні терең өңдеудің алғашқы кезеңі басталды
ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі

Жоба жалпы аумағы 35 гектар жерді қамтиды және екі кезең бойынша жүзеге асырылады, деп хабарлайды aqshamnews.kz тілшісі.

Қызылорда облысының Сырдария ауданында «Қызылорда крахмал-сірне зауыты» инвестициялық жобасының алғашқы кезеңі – жүгеріні кептіру және сақтау кешені іске қосылды. Жалпы құны 40 млрд теңгелік жоба өңдеу өнеркәсібін дамытуға, ауыл шаруашылығы өнімдерін өндіру көлемін арттыруға және өңірдің агроөнеркәсіптік кешенінің инвестициялық әлеуетін нығайтуға бағытталған.

Жоба жалпы аумағы 35 гектар жерді қамтиды және екі кезең бойынша жүзеге асырылады. Бірінші кезең аясында бір мезгілде 20 мың тонна жүгері сақтауға мүмкіндік беретін кешен пайдалануға берілді. Ал екінші кезеңде жүгеріні терең өңдеп, крахмал мен сірне өндіретін зауыт салу жоспарланған.

Жобаның іске асырылуы өңірде ауыл шаруашылығы шикізатын сақтауға және өңдеуге арналған заманауи инфрақұрылым қалыптастыруға, жергілікті ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілердің өнім өткізу мүмкіндіктерін кеңейтуге, сондай-ақ жүгері егісінің көлемін одан әрі ұлғайтады.

Сонымен қатар өңдеу қуаттарының артуы ауыл шаруашылығы өндірісін әртараптандыруға және қосылған құны жоғары өнімдердің үлесін көбейтуге мүмкіндік береді.

Биыл өңірде дәндік жүгері 11 мың гектар алқапқа егілді, 60 мың тоннадан астам өнім жиналды.

Аталған бағытты одан әрі дамыту және болашақ зауытты қажетті шикізатпен қамтамасыз ету мақсатында арнайы Жол картасы бекітілді. Жоспарға сәйкес, 2027 жылы жүгері егісінің көлемін 28 мың гектарға дейін ұлғайту көзделіп отыр.

Жобаны жүзеге асыру барысында ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілер мен өңдеу кәсіпорындары арасындағы өндірістік кооперацияны дамытуға ерекше мән берілуде. Өнімді кептіру мен сақтауға арналған заманауи өндіріс орындарының ашылуы және  терең өңдеу ауыл шаруашылығы өндірісінің тиімділігін арттыруға, өнім өткізудің тұрақты арналарын қалыптастыруға және өңірде жүгері өсіру саласын дамытуға қосымша серпін береді.

Бұл жоба ауыл шаруашылығы өнімдерін өңдеу көлемін ұлғайту, агроөнеркәсіптік кешенге инвестиция тарту және қосылған құны жоғары өнім өндіруге бағытталған тұрақты өндірістік инфрақұрылым қалыптастыру міндеттерін қамтамасыз етеді. ‎

Телеграм арнаға жазылыңыз
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Қазақстандық боксшы Дакарда жартылай финалға шықты

Бүгін 10:45

Қазақстанда ЖЭК-тен электр энергиясын өндіру көлемі он жылда 16 есе артты

Бүгін 10:35

Миллион теңгелік кәуап? Алматыда дәмханаларға жүргізілген тексеріс пен абаттандыру талаптарын бұзғандарға салынған айыппұл туралы айтылды

Бүгін 10:26

Жолдау, Конституция, Абай және болашақ алдындағы жауапкершілік: Алматыда студент жастармен кездесу өтті

Бүгін 09:18

Президент ресми іссапармен Мәскеуге барды

Кеше 21:30
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);