Алматының Туризм күні биыл маусым айындаГонконгта 20-шы MICE Travel Expo-мен біріктірілген International Travel Expo (ITE) 39-шы халықаралық туристік көрме аясында өтті.
Іс-шара барысында шетелдік компанияларменынтымақтастық туралы 30 меморандумға қолқойылды, деп хабарлайды Алматы қаласыныңтуризм басқармасы.
«Қазақстан Гонконг, Қытай, Макао тұрғындарын қатты қызықтырады. Туристердідостық және қонақжайлылық, тұмса табиғат, түрлітағамдар, Қазақстанның ұлттық дәстүрі таңқалдырады. Мұндай ерекше бауырмалдықты өзге елден кездестіре алмайсың. Болашақта ел арасындағы ынтымақтастық нығая түседі депүміттенеміз», - деді лицензияланған гид жәнеГонконгтің туристік кеңесінің өкілі Ольга Минакова.
Ол өткен жылы Гонконг билігінің Қазақстанға ақпаратттық тур ұйымдастырғанынеске салды.
Гонконг статистика департаментінің дерегіншехалық саны шамамен 7,5 миллион тұрғын болса да, 2024 жылы өңір жұртшылығы Жапония мен Оңтүстік-Шығыс Азия елдеріне баратын бағыттар бойынша жиі сапарға шығып, 104 миллионнан астам әуе қатынасын пайдаланған.
ҚХР Гонконгтағы АӘА мен МакаодағыҚазақстан Бас консулының міндетін атқарушы Камиль Бекенов Гонконгта көшпелі туризм нарығының қарқынды өсіп келе жатқанын айтты.
«2025 жылы оның көлемі 860 млн АҚШ доллары болмақ, ал 2035 жылға қарай Қазақстанға бұл мүмкіндікті пайдалану және осы өңірден көбірек туристерді тарту маңызды», – деді ол.
Алматы қаласының туризм басқармасы Орталық Азияның бірегей туристік орталығы ретінде шаһарға деген қызығушылықтың артып келе жатқанын атап өтті. Статистика бойынша 2025 жылдың бірінші тоқсанында Алматыға ҚХР-дан 20 мыңнан астам турист келді. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 39% көп.
Осыны ескере отырып, Қытаймен әуе қатынасы дамып келеді. Қазірдің өзінде Алматы-Гуанчжоу тікелей рейсі іске қосылды, биыл Шанхай бағыты бойынша әуе жолы ашылады. Чэнду-Бейжің әуе қатынасын кеңейту бойынша жұмыс қолға алынған.
«Әуе қатынасының артуы Алматының Орталық Азияның бірегей туристік орталығы ретінде тартымдылығынан болса керек. Туристер санының ұлғаюын ескере отырып, әуе қатынасы белсенді дамып келеді. Мұның бәрі екі ел арасындағы мәдени және туристік қарым-қатынасты нығайтудаүлкен мүмкіндіктерге жол ашады», – деді Алматы қаласы туризм басқармасының бас маманы Алмас Ақпаев.
Айта кетейік, Халықаралық туристік көрме2025 жылдың 12-15 маусымы аралығындаГонконгта өтті. Іс-шараға 64 ел мен аймақтан 500-ден астам туристік компания мен ұйым келді.Көрмеге 70 мыңнан астам адам, оның ішінде 7 600-ден астам сала маманы қатысты. Қазақстанды ҚР Гонконгтағы Бас консулдығы, Алматы туризм басқармасы және бірқатар қазақстандықтуроператор таныстырды.
Қаланың туризм басқармасы ұйымдастырғанАлматы стенді интерактивті бағдарламаға толы болды, мұнда домбырашылар өнер көрсетті,қолданбалы өнер бойынша шеберлік сағаттары өтті, ұлттық костюмдер бейнеленген фото және қазақ гастрономиялық аймақтары көрмеге келгендердің назарын еркеше аударды. Көрмебарысында Алматы өкілдері шетелдіктуроператорлармен, туристік агенттіктермен жәнеБАҚ-пен 100-ден астам кездесу өткізді.