Freedom Референдум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Алматы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Алматы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Көрме / Қытайда халықаралық импорттық көрме өтіп жатыр

Қытайда халықаралық импорттық көрме өтіп жатыр

Көрме 08.11.2021, 10:40 1,693
Қытайда халықаралық импорттық көрме өтіп жатыр
Сурет: 24.kz

Қытайдағы локдаун мен санитарлық шектеулерге қарамастан Шанхайда халықаралық импорттық көрме өтіп жатыр, деп хабарлайды Almayu-akshamy.kz «Хабар 24»-ке сілтеме жасап.


Үлкен ауданға жайғасқан көрмеде бір мыңға жуық компания өз бұйымдарын ұсынған. Шанхайдағы халықаралық көрмесіне қатысушылардың кейбіреуі ішіне кіре алған жоқ. Ашылуына бір күн қалғанда оларға рұқсаттамасының күші жойылғаны туралы хабарлама келді. Бұған Қытайдың кейбір өңірлерінде індеттің өршуі себеп болды. Ал қалғандары әр кірген сайын ПТР-тесттің жаңа нәтижесін, вакциналау сертификатын және біздің «Ашыққа» ұқсас жасыл кодты көрсетуі тиіс. Көрменің ашылу салтанатында Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев қатысушыларға арнап, сөз сөйледі. Әлемнің 127 елінің өндірушілері көрмеге өз тауарларын әкелген.



«Кез келген тауардың экспорты тұтынушыға тәуелді. Қытай нарығында әр өнім өз орнын таба алады. Өйткені ол алуан түрлі, әр өңірдің өз ерекшеліктері бар. Мәселен, Шанхайдың өз талғамы бар, ал орталық бөліктегі Хэнань мен Сычуань провинциялары және батыстағы Шыңжан, Тибет пен Цинхай аймақтарының талғамы ерекшеленеді. Қысқасын айтқанда, әрбір жақсы өнім Қытай нарығында өз орнын таба алады», - деді ҚХР коммерция министрлігі еуропа мен азия департаменті директорының орынбасары Лю Цзюнь.



Көрме 360 мың шаршы метр ауданды алып жатыр. Ол бірнеше аймаққа бөлінген. Бұл - машиналар, инновациялық технологиялар, тұтынушылық тауарлар және азық-түлік өнімдері. Әр өндіруші жұртты таңқалдырып, назарын өз экспозициясына аударуға тырысқан. Ал басты тақырыбы жасыл технологияларды дамыту болды. Ұйымдастырушылардың айтуынша, көрме Қытаймен кәсіп дамытудың ең тез жолы. Жалпы үш мыңнан астам кәсіпорын осы мүмкіндікті пайдаланып, өз өнімдерін әкелді. Қолмен ұстауға болатын тауарлармен қатар, көрермендерге дайын техникалық шешімдер де ұсынылды.



«Өндірісте қолданылатын технологияларды медицина саласына бейімдедік. Мысалға, заттар интернетінің көмегімен медициналық мекемелердегі барлық құрал-жабдықты жүйеге қосып, олардың жағдайын қадағалауға болады. 5G-ді пайдаланып компьютерлік томография немесе УЗИ жасайтын құрылғыларды басқарып, жоғары білікті маман қашықтан диагноз қоя алады. Жалпы 5G технологиялары медициналық мекемелерге бюджетін қолайлы құрып, тиімділігін арттыруға көмектеседі», - халықаралық компанияның өкілі Ли Гошуй.



Халықаралық көрме өткізетін жер ретінде Шанхайдың таңдалуы кездейсоқ емес. Ол - Қытайдың маңызды мәдени және қаржылық орталығы. Оған қоса елдің негізгі сауда-экономикалық хабтарының бірі. Өткен жылы Шанхайдың жалпы ішкі өнімі 600 млрд доллардан асып түсті.




Телеграм арнаға жазылыңыз
#Импорттық көрме #экспорт #тауарлар
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматыда 17 сантиметр қар жауған

Бүгін 10:10

1414 нөмірінен келетін SMS-хабарламалар: Полиция қазақстандықтарға тағы да ескерту жасады

Бүгін 10:03

Тоқаев Кувейт әмірін құттықтады

Бүгін 09:46

Алматылық гимнаст Нариман Құрбанов Әлем кубогының жүлдегері атанды

Бүгін 09:29

Астанаға Сербия президенті келеді

Бүгін 09:13
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі