AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Мәдени Алматы / Қуыршақ театры Халықаралық Шекспир фестивалінде ал...

Қуыршақ театры Халықаралық Шекспир фестивалінде алғаш рет қазақ тіліндегі спектакль ұсынды

Мәдени Алматы Бүгін 17:04 43 yakiya
Қуыршақ театры Халықаралық Шекспир фестивалінде алғаш рет қазақ тіліндегі спектакль ұсынды

Қуыршақ театры Халықаралық Шекспир фестивалінде алғаш рет қазақ тіліндегі спектакль ұсынды, – деп хабарлайды aqshamnews.kz тілшісі.

Мемлекеттік академиялық қуыршақ театры Крайова қаласында (Румыния) өткен халықаралық «The Craiova International Shakespeare Festival» фестивалі аясында ересектерге арналған «Ромео мен Джульетта» спектаклін ұсынып, еуропалық көрермендер тарапынан жоғары бағасына ие болды.

«The Craiova International Shakespeare Festival» – ұлы драматург Уильям Шекспирдің шығармашылық мұрасын заманауи тұрғыда зерделеуге, театр өнерін дамытуға және тәжірибе алмасуға бағытталған ең айтулы халықаралық театр алаңдарының бірі. Фестиваль 1994 жылдан бері Крайова қаласындағы Марин Сореску атындағы Ұлттық театрдың бастамасымен екі жылда бір рет өткізіліп келеді. Биылғы фестиваль 21-31 мамыр аралығында өтіп, әлемнің 28 елінен келген 90-нан астам шығармашылық ұжымды біріктірді. Он күн ішінде көрермендерге шамамен 300 мәдени іс-шара ұсынылды.

Мемлекеттік академиялық қуыршақ театры бұл әйгілі халықаралық фестивальге 2025 жылы Францияның Авиньон қаласында өткен халықаралық «Off Avignon» театр фестивалінен кейін арнайы шақырту алған болатын. Сол кезде «Ромео мен Джульетта» спектаклі әлемге әйгілі махаббат хикаясының ерекше камералық интерпретациясы арқылы халықаралық театр мамандарының назарын аударған еді.

«Ромео мен Джульетта» спектаклі 2019 жылы режиссер Дина Жұмабаеваның жетекшілігімен сахналанды. Қойылымның хореографы – Анна Цой, қоюшы-суретшісі – Юлия Чернова. Спектакль бұған дейін Франция, Канада, Болгария, Ресей, Түркия және Қазақстандағы халықаралық театр фестивальдерінде жоғары марапаттарға ие болды. Крайова қаласындағы қойылымда артистер Ұлан Адамбаев, Бота Табылдиева, Мақсат Камалов, Шохан Құлназаров, Эльмира Құмарова және Арайлым Байырбекова өнер көрсетті.

Крайовадағы көрсетілім көрермендердің зор қызығушылығын тудырды. Лық толы зал мен спектакль аяқталғаннан кейінгі ұзақ қол шапалақтау көрермендердің ыстық ықыласын айқын көрсетті. Артистердің жанды ойыны, қуыршақ жүргізудегі шеберлігі, пластика мен хореографияның үйлесімді үндестігі, сондай-ақ сценографиялық шешімнің тұтастығы театр мамандары тарапынан жоғары бағаланды. Фестиваль қонақтары мен халықаралық театр қауымдастығының өкілдері қазақстандық қуыршақ өнерінің жоғары кәсіби деңгейін атап өтті.

Көрсетілімнен кейін театр ұжымы 2027 жылы Румынияда өтетін «The International Theatre Festival «Elvira Godeanu» халықаралық театр фестиваліне қатысуға шақырту алды.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#спектакль
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматы Оқушылар сарайының жас өнерпаздары «Бозторғай» гала-концертінде өз өнерлерін паш етті

Бүгін 17:02

5 маусымда бүкіл әлемде Дүниежүзілік қоршаған ортаны қорғау күні атап өтіледі.

Бүгін 16:58

Алматыда жөндеу жұмыстарына байланысты Ғабдуллин көшесінің бір бөлігі уақытша жабылады

Бүгін 16:09

Алматы цифрлық технологиялардың арқасында қауіпсіз әрі жайлы қалаға айналып келеді

Бүгін 16:07

Алматыда заңсыз қоғамдық тамақтану нысаны бұзылды

Бүгін 15:06
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);