AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Керек кеңес / Қоңырайып келді коңыр күз...

Қоңырайып келді коңыр күз...

Керек кеңес 22.09.2022, 03:19 3,027 Сәрсенбек БЕКМҰРАТҰЛЫ
Қоңырайып келді коңыр күз...
multiurok.ru

«Сүмбіле туса сұмпиып, ат семірер құнтиып...». Жылқы малының шыбын-шіркейсіз, судағы сүліктен қауіпсіз жайылатын кезі


Қазір бір аптаға созылатын «Мизам шуақ» амалы жүріп жатыр. Өткен жолы пайымымызда Үркердің көкке көтерілгенін жазғанбыз. Бұл күйек мезгілі келгенінің белгісі еді. Осы мезгіл­де қозыны енесінен айыру, күзем жасау, өзен суына тоғыту сияқты шаралар жүзеге асыры­лады.


Сүмбіле жұлдызы туған шақтан бастап өзен-көлдердің суы салқындай бастайды. Сүмбіленің аспанда көрінуі елімізде қыстың алғашқы лебімен (қыркүйектің соңғы он­күндігіне) тұспа-тұс келеді. Демек, осы кез­де суық күндер бой көрсетіп, жаңбыр жауып, қоңыр күз келеді. Сүмбіле - өте жайсыз әрі тұрақсыз амал. Ауа райында өзгеріс көп бо­лады.


«Сүмбіле туса, су суыр, Таразы туса, таң суыр», «Сүмбіле туса сұмпиып, ат тойынар құнтиып» деген мақал-мәтелдер - амалға нақ­ты берілген мінездеме. Сүмбіле туған соң, суда сүлік өле бастайды. Бұл сүмбіле тууы­мен күн салқындап, жылқы малының шы­бын-шіркейсіз, әсіресе, судағы сүліктен қауіпсіз жайыла бастайтынын аңғартады.


«Сүмбіле жұлдызы туғанда жарқырап,


Құлынның үлесін биеден тартып ап,


Ел қымыз ішкені,


Қаздардың қайтқаны,


Сол қайтқан қаздардан қыс


сәлем айтқаны.


Жабырқап қалғаны аққудың құт көлі –


Жап-жасыл жайлаудың қызығы


біткені».


Атақты ақын Олжас Сүлейменов сүмбі­лені осылайша жырлайды. Жаздың жарқын күндері мен қызықты түндерінің шырқын сүмбіле бұзатынын осы жырдан да көруге болады (ақын Қадыр Мырза-Әлінің аударма­сы).


Жылды қазекең жылы, ыстық, суық деп үш кезеңге бөлген. Оны табиғат зерттеуші­лерінің тілінде – үш бунақ деп атайды. Бас бунақ – шамамен ақпанның 9-ынан маусым­ның 9-ына дейін (қара қатқақ, ащы өзек), орта бунақ – маусымның 9-ы мен қазанның 9-ы аралығы (тұяқ терлеп, қой күрлеп), аяқ бунақ қазанның 9-ы мен ақпанның 9-ы ара­лығы (тоқты тоймас, шөміш кеппес). Қазір орта бунақ – тұяқ терлеп, қой күрлеп кезеңі аяқталуға жақын. Осы уақытта шөп азайып, бары сарғайып, сабағы қатайып қойдың жеуіне қиындық туғызады. Қойлардың құ­нарлы шөпті қуалап жүріп жеймін деп аяғы талып, тұяғы терлейді. Ал күрлеп (күрлеу) сөзі қойдың қоң жинағанын, шелденгенін, семіргенін білдіреді. «Тұяқ терлеп, қой күр­леп» тіркесі осыдан барып айтылса керек.


Күн мен түн теңелетін уақыт. Болжау­шылардың айтуынша, бұл құбылыс көктем­де және күзде болады. Әлемдік уақыт бо­йынша, солтүстік жарты шарда көктемгі күн мен түннің теңелуі 20 наурыз күніне сәйкес келеді. Бұл уақытта Күн оңтүстік жарты шардан солтүстік жарты шарға ауысады. Ал күзгі күн мен түннің теңелуі Күн солтүстік жарты шардан оңтүстік жарты шарға ауған кезде орын алады. Ол қыркүйек айының 22 немесе 23-інші жұлдызына сәйкес келеді.


Алдағы аптада (22–29 қыркүйек аралы­ғында) ауа райы құбылмалы болады. Еліміздің бір аймағында салқын болса, екінші аймағында күн ысиды, ал Алматыда тұрақсыздық орын алады: бірде ашық, бірде жауын, оқта-текте жел тұрады...  

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Сүмбіле #қоңыркүз #пайым
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Туған күнін тойламайтын Тоқаев

Бүгін 09:30

Жауын-шашынды жасанды түрде көбейту жобасының салтанатты іске қосу рәсімі өтті

Кеше 21:14

Рысқұлбеков көшесінің бір бөлігі уақытша жөндеуге жабылады

Кеше 19:05

Бектенов Дүниежүзілік банк сарапшыларымен Қазақстан экономикасына инвестиция тарту мәселесін талқылады

Кеше 17:25

Қазақстанда жаңа Ұлттық сыйлық пайда болады

Кеше 16:54
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);