Форум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Медицина / QazVac вакцинасының үшінші кезең бойынша клиникал...

QazVac вакцинасының үшінші кезең бойынша клиникалық зерттеу жұмысы аяқталды

Медицина 06.09.2021, 08:10 1,614
QazVac вакцинасының үшінші кезең бойынша  клиникалық зерттеу жұмысы аяқталды
Сурет: Primeminister.kz

Отандық ғылымның жетістігін дәріптеу


Отандық QazVac вакцинасының үшінші кезең бойынша клиникалық зерттеу жұмысы аяқталды. Бұл туралы Биологиялық қауіпсіздік проблемаларының ғылыми-зерттеу институтының бас директоры, коронавирусқа қарсы QazVac қазақстандық вакцинаның авторы Күнсұлу Закарья мәлім етті, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.



«Бүгінде үшінші кезең бойынша барлық клиникалық зерттеу аяқталып, 9 шілде күні соңғы талдау нәтижесі алынды. Шілденің соңына дейін талдау нәтижесі тағы бір өңделіп, мәліметтердің статистикасы жасалды. Бұл жұмысқа 3 мың адам қатысып отыр. Сондай-ақ, шілденің соңында клиникалық зерттеудің қорытынды есебі әзірленді. Қазіргі күні қорытынды есеп Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды сараптау ұлттық орталығының сараптауынан өтіп жатыр, оның нәтижесі әлі келген жоқ. Дегенмен біздің әзірлеген есепке қарап, алғаш отандық вакцинаны клиникалық зерттеу сәтті жүргізілді деп айтуға болады», - деді Күнсұлу Закарья.



Сондай-ақ, отандық ғалым QazVac-тың үшінші кезеңіне қатысты қорытынды есеп оң баға берілген жағдайда отандық вакцина туралы ғылыми мақалалардың жарық көретінін айтты. Қазақстандық вакцинаның авторы Күнсұлу Закарьяның айтуынша, QazVac-тың үшінші кезеңі бойынша барлық клиникалық зерттеу есебін Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды сараптау ұлттық орталығы мақұлдаған жағдайда,  қазақстандық вакцина туралы көпке танымал журналдарға мақала жария етілмек. Ондағы мақсат - отандық ғылымның жетістігін дәріптеу.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#вакцина #отандық өнім #зерттеу
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматыдан 853 шақырым жерде жер сілкінді

Бүгін 09:12

Жайдарманның үздік командалары Алматыда бас қосты

Кеше 20:41

Алматыда Зенков көшесінің бір бөлігі уақытша жөндеуге жабылады

Кеше 20:35

Өмірзақ Айтбаевтың 90 жылдығына арналған ғылыми жиын өтті

Кеше 19:18

Алматыда 3 сәуірден бастап жылу кезең-кезеңімен өшіріле бастайды

Кеше 19:13
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика