Форум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Референдум / ҚазҰУ жаңа конституцияның жобасын азаматтарға түсі...

ҚазҰУ жаңа конституцияның жобасын азаматтарға түсіндіріп жатыр: Алматыда құқық реформасындағы университеттердің рөлі туралы айтылды

Референдум 27.02.2026, 12:49 174
ҚазҰУ жаңа конституцияның жобасын азаматтарға түсіндіріп жатыр: Алматыда құқық реформасындағы университеттердің рөлі туралы айтылды
Сурет: Алматы қаласының өңірлік коммуникациялар қызметі

Елде үлкен өзгеріс болып жатқанда жаңа Конституцияны түсіндіруде жоғары оқу орындары алдынғы қатардан көрінді.

Бұл туралы әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті Басқарма төрағасының орынбасары, бірінші проректоры, заң ғылымдарының докторы, профессор, Конституциялық комиссия мүшесі Еркін Дүйсенов мәлімдеді, – деп хабарлайды aqshamnews.kz тілшісі.

«Мен Конституциялық комиссия құрамында жұмыс істедім. Онда университетіміздің атынан ректор Жансейіт Қансейітұлы Түймебаев екеуіміз болдық. Комиссия жұмысы барысында-ақ университеттердің рөлі маңызды болды: кәсіби заңгерлер мен конституциялық құқық зерттеушілері Конституцияны реформалауға үлкен үлес қосты», – деп атап өтті Дүйсенов.

Оның айтуынша, бүгінде қоғам жаңа Конституция жобасының ережелерін толық түсіне бермейді. Сондықтан университеттер азаматтарды ағарту мен түсіндіру бағытында аса маңызды міндет атқарып отыр. «Қазақ ұлттық университеті күн сайын сайлаушылармен және еңбек ұжымдарымен кездесулер өткізеді. Заң факультетінің іс жүзінде барлық құрамы, шамамен 100 адам, осы іске тартылған. Студенттер де пікірталас пен түсіндіру жұмысына белсене атсалысып жатыр», – дейді профессор.

Оның сөзінше, еліміздің басқа да жоғары оқу орындары осы бағытта жұмыс істеп жатыр. Бұл жоғары оқу орындарын референдумға дайындық барысында ғылыми әрі білім беру ықпалының негізгі орталықтарына айналдырып отыр. «Егер университеттер мен кәсіби заңгерлер болмаса, жаңа конституцияның қандай артықшылығы бар екенін кім түсіндіреді?» – деп атап өтті Дүйсенов.

Сондай-ақ ол Басқарма төрағасы Жансейіт Түймебаевтың маңызды рөлін атап өтіп, оның бастамасымен түсіндіру жұмыстары басым бағыт ретінде айқындалғанын жеткізді.

Телеграм арнаға жазылыңыз
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Димаш Құдайберген Қытайда тағы бір марапатқа ие болды

Бүгін 16:17

Тоқаев бірқатар елшілікте ауыс-түйіс жүргізді

Бүгін 16:05

Дархан Сатыбалды Алматыда инженерлік желілерді жаңғыртуды жеделдетуді тапсырды

Бүгін 15:48

Қызылордада өрт кезінде 5 адам құтқарылды

Бүгін 15:31

ҚазҰУ-да инклюзив үстелүсті чемпионаты өтті

Бүгін 15:11
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика