AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Барлығы / ҚазҰУ профессоры Алуа Ибраева: «Президенттік респу...

ҚазҰУ профессоры Алуа Ибраева: «Президенттік республика және зайырлы білім беру: Конституция жобасы нені нақты бекітеді»

Барлығы 03.02.2026, 15:50 302 dulatbekova
ҚазҰУ профессоры Алуа Ибраева: «Президенттік республика және зайырлы білім беру: Конституция жобасы нені нақты бекітеді»
Сурет: Алматы қаласының өңірлік коммуникациялар қызметі

Жаңа Конституция жобасын талқылау аясында адам құқықтары, мемлекеттік басқару нысаны мен  зайырлылық қағидаттары мәселелеріне ерекше назар аударылып жатыр, - деп хабарлайды Aqshamnews.kz.

Реформа жөніндегі парламенттік жұмыс комиссиясының мүшесі, әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің мемлекет және құқық теориясы мен тарихы, конституциялық және әкімшілік құқық кафедрасының профессоры, заң ғылымдарының докторы Алуа Ибраеваның айтуынша, құжатта бірқатар маңызды әрі қағидаттық нақтылаулар бар.

Негізгі ережелердің бірі — басқару нысанын айқын бекіту. Жобада Қазақстан Республикасының президенттік республика екені тікелей көрсетілген. Бұл жай ғана тұжырым емес, конституциялық құқық теориясының классикалық қағидаттарына сәйкес келетін нақты құқықтық айқындық.

«Конституция мемлекеттік құрылымның моделін дәл айқындайды. Бұл өкілеттік пен жауапкершілікті бөлгенде айқындық қалыптастырады», — деп атап өтті сарапшы.

Сондай-ақ зайырлы мемлекет қағидатының маңызы зор. Жобада діннің мемлекеттен бөлінетіні тікелей бекітілген. Бұдан бөлек, діннің білім беру жүйесінен де бөлінетіні нақты көрсетілген.

Алуа Ибраеваның айтуынша, мұндай тұжырым зайырлы мемлекеттердің халықаралық тәжірибесінде бар нәрсе және ар-ождан бостандығын құрметтеу мен мемлекеттік институттардың бейтараптығы арасындағы теңгерімді сақтауға бағытталған.

«Қазақстан азаматтардың дүниетанымын құрметтейді, сөз бостандығы мен ар-ождан, діни сенім бостандығына кепілдік береді. Алайда білім беру зайырлы болып қала береді. Бұл теңдікті қамтамасыз ететін және мемлекеттік білім беру жүйесіне діни көзқарасты таңуға жол бермейтін маңызды қағидат», — деп түсіндірді ол.

Заңда белгіленген тәртіппен қызмет ететін арнаулы діни білім беру ұйымдары ғана бұл қағидаттан тыс қалуы мүмкін. Дегенмен елдің жалпы білім беру саясаты зайырлы сипатын сақтайды.

Осылайша, жаңа Конституция жобасы адам құқықтары мен бостандықтарына бейілділікті растап қана қоймай, мемлекеттік құрылым мен мемлекеттің діни саламен өзара іс-қимылы мәселелерінде құқықтық айқындықты күшейтеді.

Сарапшылардың пікірінше, бұл — бүкіл қоғам үшін тұрақтылықты, теңдікті және құқықтық анықтықты қамтамасыз ететін нақты ережелерді бекіту.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Конституция #Реформа #пікір #сарапшы
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматы балаларға арналған бірегей оталардың алаңына айналды

Бүгін 19:24

Қасым-Жомарт Тоқаевқа KEDEN, SmartCargo ақпараттық жүйелері мен көлік-логистика саласындағы цифрлық жобалар көрсетілді

Бүгін 18:26

Мемлекет басшысы GITEX AI Central Asia & Caucasus көрмесіне барды

Бүгін 18:20

Мемлекет басшысына Defense Tech қорғаныс пен қауіпсіздік саласындағы инновацияларды қолдау орталығы көрсетілді

Бүгін 18:16

Мемлекет басшысы Presight AI басқарма төрағасы Томас Прамотедхамды қабылдады

Бүгін 18:13
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);