AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Білім және ғылым / ҚазҰУ ғарышқа микроспутник ұшырады

ҚазҰУ ғарышқа микроспутник ұшырады

Білім және ғылым 04.07.2024, 13:44 971 Almaty-akshamу
ҚазҰУ ғарышқа микроспутник ұшырады
ҚазҰУ-дың Баспасөз қызметі

Бұл бастаманы Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ қазақстандық жоғары оқу орындары арасында тұңғыш рет жүзеге асырып отыр.

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті мен Қытай Халық Республикасының Солтүстік-Батыс политехникалық университеті микроспутник арқылы ғылыми зерттеулер жүргізу бойынша келісімге қол қойды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың Баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Аталған келісімге Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев пен Қазақстанға ресми сапармен келген ҚХР Төрағасы Си Цзиньпиннің бірлескен мәлімдемесінде қол жеткізілді.

Ортақ жұмыс өз кезегінде ғарышты зерттеуге, білікті мамандарды даярлауға және ортақ спутниктерді әзірлеуге жол ашады. Сонымен қатар микроспутник арқылы жерді қашықтықтан зерттеу жұмыстарын жүргізуге мол мүмкіндік береді.

Қытайдың Солтүстік-Батыс политехникалық университеті ғарышқа наноспутниктерді ұшыру бойынша көшбасшы болып табылады.

Жобаның мақсаты – жер қыртысы мен мантиядағы тығыздық гетерогенділігін анықтау үшін спутниктің арнайы жер станциясы мен таратқышты қамтитын гравиметриялық өлшеу жабдықтарын әзірлеу. Бұл жұмыс үлкен тереңдіктегі геодинамикалық процестерді зерттеудің негізгі міндеттерін шешуге арналған.

Сонымен қатар қос университет бірлесіп жүзеге асырған микроспутникті Шанхай ынтымақтастық ұйымы жариялаған Экология жылы аясында және қара шаңырақ ҚазҰУ-дың 90 жылдығы қарсаңында ғарышқа ұшыру жоспарлануда.

Айта кетейік, Әл-Фараби атындағы ҚазҰУғарышқа наноспутниктерді ұшыру бойынша тәжірибесі бар еліміздің жалғыз жоғары оқу орны.Бүгінге дейін оқу ордасы ғарыш айлағына «Al-Farabi-1» және «Al-Farabi-2» наноспутнигін ұшырған болатын.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#ҚАЗҰУ #келісім #бастама
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Әлем көшбасшылары Тоқаевты туған күнімен құттықтап жатыр

Бүгін 12:24

Алматы облысында полицей әйелін көлікпен қағып өлтірді деген күдікке ілінді

Бүгін 11:11

Алматыда алдағы күндері ауа райы қандай болмақ?

Бүгін 10:31

Туған күнін тойламайтын Тоқаев

Бүгін 09:30

Жауын-шашынды жасанды түрде көбейту жобасының салтанатты іске қосу рәсімі өтті

Кеше 21:14
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);