Қазгидромет Астана, Алматы және тағы жеті қаланың тұрғындарына ескерту жасады, – деп хабарлайды aqshamnews.kz тілшісі.
"7 маусымда Астана, Қарағанды, Жезқазған, Балқаш, Теміртау, Талдықорған қалаларында, түнде Алматы, Ақтөбе, Атырау қалаларында қолайсыз метеорологиялық жағдайлар болады", - деп жазылған хабарламада.
Қолайсыз метеорологиялық жағдай - ауаның беткі қабатында зиян заттар шоғырлануына ықпал ететін қысқа мерзімді метеофакторлар (тымық ауа райы, жел болмауы, тұман) жиынтығы.