конституция 2 шілде
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Мұны білген жөн / Қазақы тазы мен төбетті сақтау мәселесін Президент...

Қазақы тазы мен төбетті сақтау мәселесін Президенттің Іс Басқармасы қолға алды

Мұны білген жөн 31.08.2022, 16:00 2,814 Almaty-akshamy
Қазақы тазы мен төбетті сақтау мәселесін Президенттің Іс Басқармасы қолға алды
Сурет: Egemen.kz

Жұмыс тобы құрылады


Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Президенттің Іс Басқармасына жеті қазынаның бірі – қазақы тазы мен төбет тұқымдарын сақтау жұмысын қолға алуды тапсырды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz ҚазАқпарат-қа сілтеме жасап.
Осыған орай Қазақстан Республикасы Президентінің Іс Басқарушысы Айбек Дәдебаев бұл жұмысқа тартылған және мүдделі тараптардыңқатысуымен жиын өткізді.
Басқосуда қазір тазы мен төбет тұқымының тазалығын сақтау ісі сын көтермейтіні айтылды. Жұмыс жүйелі жүргізілмеген.
Жиын қорытындысы бойынша Премьер-Министр кеңсесінің, Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің, Ауыл шаруашылығы министрлігінің, Ғылым және жоғары білім министрлігінің, Президенттің Іс Басқармасы жанындағы Парламентаризм институтының, сондай-ақ «Қансонар» республикалық қауымдастығының өкілдерінен жасақталған жұмыс тобын құру туралы шешім қабылданды.
Жұмыс тобы Қазақстанның барлық аймақтарында таза қанды тазы мен төбеттің генофондын ғылыми зерттеуді нысаналықаржыландыру мүмкіндіктерін тауып, мемлекеттік қолдау түрлерін қарастыруға тиіс.
Сондай-ақ сақтау және қалпына келтіру бойынша заңнамалық нормалар пакетін әзірлеуі керек.
Халықаралық кинологиялық орталықта (FCI) тазы мен төбеттің шыққан елі ретінде Қазақстанды көрсету де мәселе болып отыр.
Президент нұсқауы бойынша бұл жұмысқа – ҚР Сыртқы істер министрлігі, ал жеті қазынаның бірі саналатын ұлттық байлығымызды түрлі шаралар арқылы насихаттауға – ҚР Мәдениет және спорт министрлігі қолдау көрсетуге тиіс.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Жеті қазына #қазақы тазы #төбет
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматыда қалалық көшет тәлімбағы құрылуы мүмкін

Бүгін 19:01

Әйгілі әнші Рики Мартин желіде Алматының әдемі көрінісін бөлісті

Бүгін 14:13

Алматының Белсенді ұзақ өмір сүру орталықтарында жыл басынан бері 333 мыңға жуық қызмет көрсетілді

Бүгін 10:23

+45 градус: демалыс күндері еліміздің басты қалаларында ауа райы қандай?

Бүгін 10:02

Алматыда ай сайынғы ақшалай қамсыздандыру алатын спортшылар саны шамамен төрт есеге артты

Кеше 19:25
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);