Форум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлем / Қазақстанның Қорғаныс министрі шетелдік әріптестер...

Қазақстанның Қорғаныс министрі шетелдік әріптестеріне ел әскерінің пандемиямен күрестегі қызметі туралы айтып берді

Әлем 24.06.2021, 10:14 2,206
Қазақстанның Қорғаныс министрі шетелдік әріптестеріне ел әскерінің пандемиямен күрестегі қызметі туралы айтып берді
Сурет:Gov.kz.

Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрі Мәскеудегі IX Халықаралық қауіпсіздік жөніндегі конференцияға қатысты.


 


Бұл шараны 2012 жылдан бері жыл сайын Ресей Федерациясының Қорғаныс министрлігі өткізеді. Аталмыш конференцияға ҰҚШҰ, ШЫҰ, НАТО-ға мүше елдердің, Таяу Шығыс, Еуропа және Азия елдерінің қорғаныс ведомстволарының басшылары, халықаралық ұйымдардың басшылары, сондай-ақ академиялық топтардың өкілдері мен үкіметтік емес сектордың сарапшылары қатысады. Қазақстан өкілдері осы форумда жыл сайын өзекті тақырыптарға баяндамалар жасайды, деп хабарлады Almaty-akshamy.kz ҚР Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі таратқан хабарға сілтеме жасап.


Іс-шара әскери ведомстволардың өзара қарым-қатынасын нығайтуға, жаңа қауіп-қауіптерге қарсы іс-қимылдың бірлескен жолдарын іздеуге бағытталған.


Конференцияға қатысушылар халықаралық әскери саясаттың, жаһандық және өңірлік қауіпсіздіктің үрдістері мен мәселелерін талқылады. Оларды шешудегі қорғаныс ведомстволарының атқаратын қызметі маңызды.


Қорғаныс министрі, генерал-лейтенант Нұрлан Ермекбаев COVID-19 коронавирус инфекциясымен күресте әскери ведомствоның атқарған жұмысы туралы баяндама жасады. Ол пандемия кезінде елде әскерді пайдаланудың тәжірибесімен бөлісті.


Атап айтқанда, әскери қызметшілер әлеуметтік маңызы бар объектілер мен жолдарды дезинфекциялады. Блокпостарда қызмет етті және елді мекендерді патрульдеді. Азаматтық денсаулық сақтау мекемелеріне көмек көрсету үшін дәрігерлерден құралған бригадалар бөлінді. Әскери-медициналық мекемелер қайта жабдықталды. Әскери-көлік авиациясының күшімен шетелден Қазақстанның азаматтарын әкелді, сондай-ақ әскерлер мен жүктерді тасымалдады. Запастағы әскери қызметшілердің арнайы жиындары өтті.


Аталған шараларға барлығы 13 000-нан астам әскери қызметші жұмылдырылды. Сарапшылардың айтуынша, халықтың жалпы санына шаққанда жұмылдырылған әскери қызметшілер саны жағынан Қазақстан әлемде бірінші орындардың бірін алады. Бұл қазақстандық армияның коронавирус инфекциясының таралуына қарсы іс-қимылға қосқан елеулі үлесін көрсетеді.


Төтенше жағдай кезеңінде іс-қимылдар нәтижелері бойынша ұйымдастыру сипатында бірқатар шешімдер қабылданды. Атап айтқанда, радиациялық, химиялық, биологиялық қорғау және экологиялық қауіпсіздік әскерлерінің департаменті құрылды. РХБҚ әскерлері, әскери медицина, әскери-көлік авиациясының мүмкіндіктері күшейтілді. «Қос мақсаттағы» компоненттердің мүмкіндіктері артып, олар тек соғыста ғана емес, бейбіт уақытта да сұранысқа ие болды.


Осы орайда, Қарулы Күштер азаматтық қорғаныс органдарының міндеттерін орындады. Елімізде төтенше жағдайлар министрлігі жұмысын қайта бастады.


Конференцияға қатысушылар Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің COVID-19 пандемиясы кезеңіндегі әрекеттерін жоғары бағалады.


Қазақстан қорғаныс ведомствосының басшысы Қарулы Күштердегі жеке құрамның денсаулығын сақтауда әскери дәрігерлердің жоғары кәсібилігі мен тиімді жұмысын, сондай-ақ олардың пандемия кезінде короновирусқа қарсы іс-қимылға қосқан зор үлесін жеке атап өтті. Ел әскерінде екпе салу жалғасуда. COVID-19-ға қарсы қажетті деңгейде ұжымдық иммунитет қалыптасты.


Бұдан өзге, сапар аясында генерал-лейтенант Нұрлан Ермекбаев Мәскеу облысында орналасқан арнайы мақсаттағы әскери бөлімдердің бірін аралады. Министр жауынгерлік даярлықтың барысымен және оқу-материалдық базасымен танысты.





Телеграм арнаға жазылыңыз
#мать #многодетная #Алматы #Қазақстан #әскер #конференция
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматыдан 853 шақырым жерде жер сілкінді

Бүгін 09:12

Жайдарманның үздік командалары Алматыда бас қосты

Кеше 20:41

Алматыда Зенков көшесінің бір бөлігі уақытша жөндеуге жабылады

Кеше 20:35

Өмірзақ Айтбаевтың 90 жылдығына арналған ғылыми жиын өтті

Кеше 19:18

Алматыда 3 сәуірден бастап жылу кезең-кезеңімен өшіріле бастайды

Кеше 19:13
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика