Форум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Экономика / Қазақстандықтар интернеттен көбіне қандай тауарлар...

Қазақстандықтар интернеттен көбіне қандай тауарларға тапсырыс береді

Экономика 18.05.2022, 09:10 2,397
Қазақстандықтар интернеттен көбіне қандай тауарларға тапсырыс береді
Сурет: Elorda.info

Биыл сәуірде Қазақстанда интернетке қолжетімділігі бар 17 млн-нан аса ұялы байланыс абоненті тіркелді, бұл былтырғыға қарағанда 5,7%-ға, ал он жыл бұрынғы көрсеткішке қарағанда 83,1%-ға көп.


Сондай-ақ елімізде 2,8 млн абонент интернетті пайдаланады, бір жылда плюс 4,9%, он жылда олардың саны 2 есе өскен, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Elorda.info-ға сілтеме жасап. 


Бұл Қазақстанда интернеттің ену деңгейі дамыған елдермен салыстырғанда жоғары екенін көрсетеді, әрі электронды коммерцияны ілгерілету үшін тамаша мүмкіндік болып саналады.


Қазірдің өзінде біз барлық нарықтық формацияда онлайн режимге қарқынды өту процесін байқап отырмыз. Соңғы жылдары қолма-қол ақшасыз төлемдер көлемі де бірнеше есе өскен. 2022 жылғы бірінші тоқсанның қорытындысы бойынша бұл сома 19,1 трлн теңгеге жетті, бұл өткен жылмен салыстырғанда 1,5 есеге артық.


Сонымен қатар биыл бір тоқсанда қолма-қол ақшасыз төлемдер көлемі толық 2019 жылдың көрсеткішінен 43%, ал 2018 жылдың көрсеткішінен 28 есе артық болды.


Интернет және ұялы телефон арқылы жасалған онлайн-төлемдерге қолма-қол ақшасыз есеп айырысу көлемінің 84,2% тең. Мұндай динамика – жалпы әлемдік тренд. Nasdaq мәліметінше, 2040 жылға қарай барлық сатып алулардың 95% интернетте жасалады.


Қазақстанда қолма-қол ақшасыз төлемдер көлемінің ұлғаюымен қатар электронды сауда көрсеткіштері де өсіп жатыр. Егер 2018-2019 жылдары e-Trading үлесі 2,9% және 3,8% болса, 2020 жылы бұл көрсеткіш 3 есе өсіп, 9,7% жетті.


Сондай-ақ егер тауарлар мен қызметтерді онлайн сатып алған интернет пайдаланушыларды есепке алсақ, олардың үлесі 2019 жылы 15,6%-дан 2020 жылы 17,7%-ға дейін өсті.


Бүгінде интернеттен кез-келген тауарды сатып алуға болады, яғни күнделікті тұрмысқа қажет қарапайым заттардан бастап, сирек кездесетін және эксклюзивті тауарға дейін.


Қазақстанда интернетте ең көп сатылатын тауарлар: киім, аяқ-киім, спорт тауарлары, азық-түлік, үйде пайдалануға арналған тауарлар, дәрі-дәрмек,  телекоммуникация қызметтері, электронды жабдықтар, қаржылық және сақтандыру қызметтері, компьютерлік тауарлар және тағы басқа.


Сонымен қатар қазіргі таңда онлайн көлік сатып алуға, ипотека рәсімдеуге де мүмкіндік бар.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#интернет #тапсырыс #сауда
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматыда қазақ жазушылары марапатталды

Бүгін 09:07

Мемлекеттік қызметке қабылдау онлайн форматқа өтті

Бүгін 09:00

Бүгін еліміздің 13 өңіріне дауылды ескерту жарияланды

Бүгін 08:54

Алматылық спортшылар Turkish Open халықаралық турнирінде жүлделі орындарға ие болды

Кеше 18:07

Алматы мейрамханалары мен аспаздары WHERETOEAT халықаралық гастрономиялық сыйлығының қысқа тізіміне енді

Кеше 18:02
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика