конституция 2 шілде
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Оқиға / Қазақстандық туристердің кесірінен Грекияда тұтас...

Қазақстандық туристердің кесірінен Грекияда тұтас арал отқа оранды

Оқиға 23.06.2024, 13:45 834 dulatbekova
Қазақстандық туристердің кесірінен Грекияда тұтас арал отқа оранды
Сурет: Astanatv.kz

Грекияның Гидра аралында 13 қазақстандық турист жалға алынған яхтада отшашу жасап, салдарынан орман өрті орын алды.

Оқиға 21 маусым күні кешке Агиос-Николаос жағажайының аймағында болған, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.

Деректерге сүйенсек, туристер алдымен яхтаны жалға алып, кейін онда отшашу ұйымдастырып, оны құрлыққа қарай ұшырған. Нәтижесінде қарағайлы орманда өрт шықты.

Кейін олар өртті көріп, сөндіруге тырысқан. Алайда жалын күшті болғандықтан өрт сөндіру бөліміне қоңырау шалып, кейін өздері оқиға орнынан кетіп қалған.

Гидра мэрі Джоргос Кукудакистың айтуынша қазір жалынды сөндіруге өрт сөндірушілер мен еріктілер қатысып, ауадан су шашатын тікұшақ жұмылдырылған

"Біз кейбір адамдардың соншалықты жауапсыз болып, отшашуды қарағайлы орманға қарай шашқанына ашулымыз", — деді ол.

Қала басшысы өртті ұйымдастырған шетелдіктерді сотқа беруге ниетті екенін айтты.

Кемеде тұтану сәтіне қатысқандардың барлығы, оның ішінде экипаж мүшелері де ұсталды. Олардан Вулагмени маңындағы жағалау күзетінің орталығында жауап алынбақ.

Гидра – Греция туризмнің негізгі орталықтарының бірі. Табиғаты бай аралды қорғау мақсатында мұнда тіпті моторлы көлік жүрмейді.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Грекия #Орман өрті #қазақстандық туристер
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматы экобекеттерінде жыл басынан бері көлік шығарындыларының белгіленген нормадан асқан 13 мыңнан астам жағдайы анықталды

Бүгін 17:01

Алматы педагогі «Ұстаз мәртебесі – Ұлт мерейі» республикалық байқауының жүлдегері атанды

Бүгін 16:55

Жаңа Конституцияны диалог пен шығармашылық арқылы жүзеге асыру: Алматыда ауқымды жастар науқаны өтуде

Бүгін 16:29

Алматыда Медеуден Шымбұлаққа дейінгі аралықта инженерлік инфрақұрылым құрылысы жалғасуда

Бүгін 16:16

Алматыда Ұлттық домбыра күні мен Астана күніне арналған мерекелік бағдарлама дайындалды

Бүгін 15:37
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);