Қазақстандық теннисшілер United Cup туринирінің ширек финалына шықты

Қазақстандық теннисшілер United Cup туринирінің ширек финалына шықты Сурет: Olympic.kz

Теннистен Қазақстанның құрамасы Аустралияда өтіп жатқан аралас командалар арасындағы United Cup турнирінің ширек финалына бірінші орынмен шықты.

Еске сала кетейік, біздің құрама С тобына түскен еді. Бірінші кездесуде қазақстандық теннисшілер Испанияны 2:1 есебімен жеңді, деп хабарлайды aqshamnews.kz Ұлттық олимпиада комитетіне сілтеме жасап. 

Екінші матчта Қазақстанға қарсылас ретінде Грекия шықты. Александр Шевченко әлемнің 11-ракеткасы Стефанос Циципасты 6:4, 7:6 есебімен жеңді.

Кейіннен Елена Рыбакина Мария Саккариді 6:4, 6:3 есебімен ұтып, Қазақстанды мерзімінен бұрын ширек финалға шығарды. Грекияға қарсы матчтағы үшінші ойын турнирлік маңызға ие болмайды.

Айта кетейік, біздің құрама плей-офф кезеңіне бірінші орынмен шықты.

Келесі қарсылас кейінірек анықталады.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды
0
Ұнамайды
0
Күлкілі
0
Шектен шыққан
0
Соңғы жаңалықтар

18:10

17:58

17:46

17:17

17:07

16:41

16:24

16:17

16:01

15:41

15:18

15:02

14:49

14:35

14:22

14:10

12:28

12:16

12:04

11:48

11:25

11:09

10:57

10:45

10:29