AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Спорт / Қазақстандық теннисші Үндістандағы турнирде екі бі...

Қазақстандық теннисші Үндістандағы турнирде екі бірдей сында жартылай финалға шықты

Спорт 03.04.2026, 14:16 219 Дина
Қазақстандық теннисші Үндістандағы турнирде екі бірдей сында жартылай финалға шықты
ktf.kz

Қазақстандық теннисші Жібек Құламбаева Үндістанда өтіп жатқан ITF W15 турнирінде сәтті өнер көрсетіп, жекелей және жұптық сында жартылай финалға жолдама алды, – деп хабарлайды aqshamnews.kz тілшісі.

Қазақстанның теннисшісі Жібек Құламбаева Үндістандағы ITF W15 санатындағы турнирде жеңісті жолын жалғастырып жатыр. WTA рейтингінде 406-орында тұрған спортшы жекелей де, жұптық бәсекеде де жартылай финалға шықты.

Жекелей сындағы ширек финалда Құламбаева үндістандық Мадхурри Савантпен кездесіп, айқын басымдықпен жеңіске жетті. Матч 6:1, 6:0 есебімен аяқталды.

Ал жұптық бәсекеде қазақстандық теннисші ресейлік Екатерина Яшинамен бірге өнер көрсетті. Екі спортшы Ұлыбритания өкілі Мелисса Бойден мен Малайзия теннисшісі Эльза Ваннан құралған жұпты 1 сағат 5 минутта жеңді. Кездесу барысында Қазақстан-Ресей дуэті бес брейк жасап, өз геймінде бір рет қана осалдық танытты. Қорытынды есеп — 6:1, 6:3.

Айта кетейік, өткен аптада Жібек Құламбаева Нагпур қаласында өткен дәл осы санаттағы турнирде жекелей және жұптық сында топ жарып, абсолютті чемпион атанған еді.

Телеграм арнаға жазылыңыз
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Астанада «Алтын Орда – дала өркениетінің үлгісі: тарих, археология, мәдениет, бірегейлік» атты халықаралық симпозиумның Қарары қабылданды

Бүгін 20:35

Жәния Бекмұхамбетова Таиландтағы WTT Youth Contender турнирінде қола медаль жеңіп алды

Бүгін 18:44

Қазақстан құрамасы секіру дисциплиналары бойынша Азия чемпионатын бір медальмен аяқтады

Бүгін 18:42

Қазақстандық спортшылар Мәскеудегі қоян-қолтық ұрыстан әлем кубогы кезеңінде медаль жеңіп алды

Бүгін 18:39

Алматы қаласы Білім басқармасының басшысы болып Сәкен Аралбаев тағайындалды

Бүгін 18:37
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);