AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Спорт / Қазақстандық теннисші Александр Бублик Олимпиада ч...

Қазақстандық теннисші Александр Бублик Олимпиада чемпионын ұтты

Спорт 15.03.2022, 09:49 1,463
Қазақстандық теннисші Александр Бублик Олимпиада чемпионын ұтты
Сурет: Olympic.kz

Қазақстанның бірінші, әлемнің 33-ракеткасы Александр Бублик Индиан-Уэллс мастерс турнирінің үшінші айналымына шықты.


Жүлде қоры 8,5 АҚШ долларынан асатын жарыстың 31-ракеткасы болып тіркелген Александр Бублик доданы екінші айналымнан бастап, кезінде рейтингте көш бастаған «Үлкен дулыға» турнирінің үш мәрте, екі дүркін Олимпиада чемпионы, ұлыбританиялық Энди Марреймен кездесті, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Ұлттық Олимпиада комитетіне сілтеме жасап. 


Биыл Александр Бублик Роттердамда Энди Маррейден жеңіліп қалған болатын. Бұл жолы екі сағатқа жуық уақытқа созылған тартысты бәсекеде қазақстандық теннисші қазіргі кезде рейтингте 88-орында тұрған атақты қарсыласын 7:6 (11:9), 6:3 есебімен ұтты. Александр матч барысында 11 эйс жасап, 5 брейк-пойнттың біреуін пайдаланды. Энди Маррей 4 эйспен шектелді.

Бублик үшінші айналымда әлемнің 35-ракеткасы, болгариялық Григор Димитров немесе рейтингте 78-сатыдағы аустралиялық Джордан Томпсонның біреуімен таласады.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#теннис #турнир #айналым #жеңіс
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Қазақстанда қант диабетімен сырқаттану көрсеткіші төмендеді

Бүгін 15:05

Тоқсан жылдыққа тарту: «Вечерний Алматы» газетінің ұжымы марапатталды

Бүгін 13:48

Қазақстан Испаниядағы әлем кубогінде екі қола медаль жеңіп алды

Бүгін 11:56

Алматы тауларында ирандық студент жоғалып кетті

Бүгін 10:57

Сенбіде Қазақстанда жаңбыр мен аптап ыстық қатар болады

Бүгін 09:04
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);