AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Білім және ғылым / Қазақстандық оқушылар KhIMIO2025 халықаралық олимп...

Қазақстандық оқушылар KhIMIO2025 халықаралық олимпиадасында 100 пайыз нәтиже көрсетті

Білім және ғылым 10.11.2025, 10:00 405 dulatbekova
Қазақстандық оқушылар KhIMIO2025 халықаралық олимпиадасында 100 пайыз нәтиже көрсетті
Cурет: Gov.kz

Тәжікстан Республикасының астанасы Душанбеде 5-9 қараша аралығында өткен KhIMIO2025 халықаралық математика және информатика олимпиадасында қазақстандық оқушылар жоғары нәтиже көрсетіп, ел қоржынына сегіз медаль салды. Байқауға 10 мемлекеттен дарынды оқушылар қатысты.

Қазақстан құрамасы екі жас санатында 14-15 жас (7-8 сынып) және 16-18 жас (9-11 сынып) аралығындағы оқушылардан құралды. Нәтижесінде қазақстандықтар жүз пайыздық көрсеткішке қол жеткізді, - деп хабарлайды Aqshamnews.kz.

 Жоғары жас санаты (9-11 сынып):

Мансур Мамадахунов – Қызылорда облыстық «Білім-инновация» лицей-интернаты (информатика);

Алдияр Сейтбай – Астана қаласының дарынды ер балаларға арналған «Білім-инновация» лицей-интернаты (информатика);

Әли Еркебұланұлы – ФМБ Назарбаев Зияткерлік мектебі, Алматы (математика);

Бердібек Орынбасар – Атырау облыстық №1 «Білім-инновация» лицей-интернаты (математика).

Кіші жас санаты (7-8 сынып):

Ахмет Бердімұрат – Ақтөбе облыстық «Білім-инновация» мамандандырылған лицей-интернаты (математика);

Темір Оразбек – Республикалық физика-математика мектебі, Алматы (математика);

Азамат Рахимбердиев – Атырау облыстық №1 «Білім-инновация» лицей-интернаты (информатика); Ислам Ермуханов – Ақтөбе облыстық «Білім-инновация» лицей-интернаты (информатика).

Олимпиаданың жұмыс тілдері – ағылшын, орыс және тәжік тілдері. Қатысушылар математика мен информатика пәндері бойынша теориялық және практикалық турларда білімдерін сынады.

Қазақстан құрамасының олимпиадаға қатысуы Оқу-ағарту министрлігінің тікелей қолдауымен, сондай-ақ «Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығының ұйымдастыруымен жүзеге асты.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#KhIMIO2025 #халықаралық олимпиада #жоғары нәтиже #оқушылар
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Жауын-шашынды жасанды түрде көбейту жобасының салтанатты іске қосу рәсімі өтті

Бүгін 21:14

Рысқұлбеков көшесінің бір бөлігі уақытша жөндеуге жабылады

Бүгін 19:05

Бектенов Дүниежүзілік банк сарапшыларымен Қазақстан экономикасына инвестиция тарту мәселесін талқылады

Бүгін 17:25

Қазақстанда жаңа Ұлттық сыйлық пайда болады

Бүгін 16:54

Сауалнама нәтижесі: қазақстандықтардың басым бөлігі Президентке сенеді

Бүгін 16:51
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);