Форум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Білім және ғылым / Қазақстандық оқушылар АҚШ мектептерінде тегін оқи...

Қазақстандық оқушылар АҚШ мектептерінде тегін оқи алады

Білім және ғылым 14.12.2022, 16:00 1,852
Қазақстандық оқушылар АҚШ мектептерінде тегін оқи алады
Сурет: Ашық дереккөз

Ағылшын тілін дамыту - тиімді бағдарламалардың бірі


ҚР Оқу-ағарту министрі Асхат Аймағамбетов АҚШ-тың Қазақстандағы Төтенше және өкілетті елшісі Дэниел Розенблюммен кездесті, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Zakon.kz-ке сілтеме жасап.


Кездесуде екі жақ қазақстандық оқушыларды FLEX бағдарламасы бойынша оқыту, педагогтердің біліктілігін арттыру және мұғалімдерге арналған сертификаттар мен курстарды тану мәселелерін талқылады.



"Елдеріміз арасында білім беру саласындағы өзара тиімді ынтымақтастық орнатылып, білім берудің барлық деңгейінде бірден бірнеше жоба іске асырылып жатыр. Біз әртүрлі тәжірибе алмасу бағдарламаларын құп көреміз, мысалы, FLEX арқылы 2 000-нан астам оқушы АҚШ мектептерінде оқыды. Ағылшын тілін дамыту - тиімді бағдарламалардың бірі. Бағдарлама қатысушылары ұйымдарымызда ағылшын тілін үйретеді. Сондай-ақ STEM және инклюзивті білім беруді дамыту бойынша белсенді жұмыс істеп жатырмыз. Барлық бағыт бойынша алдағы уақытта ынтымақтастығымыз нығая түсетініне сенемін", - деп айтты Оқу-ағарту министрі Асхат Аймағамбетов.



АҚШ-тың Қазақстандағы Төтенше және өкілетті елшісі Дэниел Розенблюм ынтымақтастыққа дайын екенін айтып, екіжақты байланыстың әлеуетін атап өтті.



"Ел болашағы өскелең ұрпақтың білімімен тығыз байланысты. Бұл - өте маңызды миссия. Өзіңіз атағандай, біздің көп жылдар бойғы табысты серіктестігіміз жалғасып келеді. Одан әрі ынтымақтастыққа дайынбыз, оның ішінде, Қазақстандағы мұғалімдердің біліктілігін арттыру бағдарламалары бойынша", - деп атап өтті АҚШ-тың Қазақстандағы Төтенше және өкілетті елшісі Дэниел Розенблюм.



Кездесуде білім саласындағы ынтымақтастықтың басқа да мәселелері талқыланды. Атап айтқанда, мұғалімдердің біліктілігін арттыру, колледждерді дамыту, инклюзивті білім беру.


Сонымен бірге тараптар екі елдің мектепке дейінгі, орта, техникалық және кәсіптік білім беру саласындағы әріптестігін одан әрі нығайтуға және кеңейтуге қызығушылық білдірді.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#оқушы #АҚШ #білім алу
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Тоқаев Беларусь сыртқы істер министрін қабылдады

Бүгін 15:05

Алматылық самокатшылар айыппұл арқалады

Бүгін 14:57

Жеті блогердің есептері тексеріліп жатыр

Бүгін 14:52

Қазақстанда жаңа мемлекеттік награда бекітілді

Бүгін 14:30

Ертең телерадионың хабар таратуы уақытша тоқтатылады

Бүгін 12:54
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика