AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Спорт / Қазақстандық балуандар 12 алтын медаль алды

Қазақстандық балуандар 12 алтын медаль алды

Спорт 21.04.2026, 18:30 283 yakiya
Қазақстандық балуандар 12 алтын медаль алды
Қазақстан күрес федерациясының баспасөз қызметі

Түркияның Анталия қаласында өткен Victory Cup халықаралық турнирінде Қазақстанның U17 және U20 жас санаттарындағы құрама командалары табысты өнер көрсетті, – деп хабарлайды aqshamnews.kz тілшісі.

Жиырмаға жуық елдің 800-ден астам спортшысы қатысқан турнирде Қазақстан балуандары 8 алтын, 9 күміс, 16 қола медаль еншіледі.

Бозкілемге алдымен U17 жас санатындағы балуандарымыз шығып, күрестің үш түрі бойынша да жалпыкомандалық есепте бірінші орынға ие болды.

Атап айтқанда, грек-рим күресінде қазақстандық спортшылар 3 алтын, 1 күміс және 8 қола медаль жеңіп алды. Жаңажол Қуанышбек (51 кг), Асқар Нұрали (60 кг) және Төлеш Марлен (65 кг) өз салмақтарында топ жарып, команданың жалпы жеңісіне үлес қосты. Нәтижесінде бұл бағдарламада Қазақстан құрамасы жалпыкомандалық бірінші орыннан көрінді. Әзербайжан екінші болса, Түркия үшінші орын алды.

Осы қарқын еркін күресте де жалғасын тапты. Мәселен, Бақдәулет Ағабек (48 кг), Темірлан Мұрат (55 кг) және Әділет Рысбай (71 кг) алтын жүлдеге ие болып, Қазақстан құрамасының көшбасшылығын нығайтты. Жалпы есепте отандастарымыз 3 алтын, 3 күміс және 4 қола медаль жеңіп алып, бұл сында да бірінші орынға шықты.

Сондай-ақ, әйелдер күресінде де балуандарымыз жоғары деңгейде өнер көрсетті. Атап айтқанда, Інжу Баққожа (46 кг) мен Бағжан Құрманбай (73 кг) алтыннан алқа тағынды. Бұдан бөлек, команда қоржынына 5 күміс және 4 қола медаль түсті. Осылайша, Қазақстан құрамасы бұл бағдарламада да жалпыкомандалық есепте бірінші орын алды. Түркия екінші, ал Қырғызстан үшінші орынға тұрақтады.

U20 жас санатындағы балуандар да жүлдеден тыс қалған жоқ. Олар жекелеген салмақтарда жүлделі орындарға ие болып, командалық есепке өз үлестерін қосты.

Атап айтар болсақ, грек-рим күресінде Әмірмұхаммед Қабулов (55 кг) алтын медаль жеңіп алды. Өз кезегінде Алпамыс Болатұлы (60 кг) мен Еркебұлан Анапия (82 кг) күміс жүлдеге ие болды. Сондай-ақ, тағы бірнеше балуанымыз қола медаль еншілеп, U20 Қазақстан құрамасы бұл бағдарламада үшінші орынға тұрақтады.

Еркін күресте Асхаб Хаджиев (86 кг) чемпион атанса, Ерхан Әбіл (79 кг) мен Дінмұхаммед Қасымбек (86 кг) қола жүлде иеленді. Бұл сында Қазақстан құрамасы жалпы есепте бесінші орын алды.

Нәзік жандарға келер болсақ, Анна Стратан (57 кг) мен Ұлдана Тілеухан (68 кг) алтын жүлде жеңіп алды. Бұдан бөлек, қазақстандық балуандар 5 қола медаль еншілеп, командалық есепте екінші орынға ие болды.

Осылайша, Анталиядағы халықаралық турнирде Қазақстанның жас балуандары әртүрлі жас санаттарында жоғары нәтиже көрсетіп, ел қоржынына жүлдені молынан салды.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#балуандар
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматыда «Жасыл балабақша» жобасы аясында семинар өтті

Бүгін 17:56

Халықаралық экологтар күніне орай «Эколог сағаты» тақырыбында кездесу өткізілді

Бүгін 17:53

Есіл жағалауындағы плоггинг акциясына ондаған адам қатысты

Бүгін 17:50

Астанада эко-челлендж басталды

Бүгін 17:42

Алматыда Саин көшесін ұзарту учаскесінде көлік қозғалысы ашылды

Бүгін 17:39
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);