AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Спорт / Қазақстанда спортшыларды даярлаудың ғылыми моделі...

Қазақстанда спортшыларды даярлаудың ғылыми моделі енгізілді

Спорт 23.07.2025, 11:54 674 dulatbekova
Қазақстанда спортшыларды даярлаудың ғылыми моделі енгізілді
Сурет: Gov.kz

Қазақстанда алғаш рет спорттық білім беру жүйесінде кадр даярлаудың жаңа санаттары енгізілді.

Бұған дейін оқыту тек мектептегі дене шынықтыру пәніне бағытталған «Дене шынықтыру» мамандығы аясында жүргізілсе, енді жаттықтырушы, әдістеме, оңалту, инклюзивті және цифрлық спорт бағыттарын қамтитын арнайы бағдарламалар іске қосылды, деп хабарлайды aqshamnews.kz.

Бұл – елімізде спорт мамандарын даярлауға жүйелі әрі ғылыми тәсіл қолданудың алғашқы қадамы. Дене шынықтыру және бұқаралық спорт академиясының базасында мынадай білім беру бағдарламалары жүзеге асырылуда:

«Жаттықтырушылық қызмет (спорт түрлері бойынша)»
«Спорт және сауықтыру саласындағы нұсқаушы-әдіскер»
«Спорттық оңалту»
«Үстел үсті спорт түрлерінен педагог-жаттықтырушы (шахмат, тоғызқұмалақ)»
«Киберспорт (Esport)»

«Дене шынықтыру және спорт (IP)»
«Бейімделген дене шынықтыру бойынша педагог»

«Қазақ күресі бойынша педагог-жаттықтырушы»

Барлық бағдарламада тәжірибеге басымдық берілген. Студенттер оқу барысында спорт федерацияларында, клубтарда, инклюзивті және оңалту орталықтарында тағылымдамадан өтіп, нақты жағдайларда кәсіби дағдыларын жетілдіреді. Оқу модульдеріне спорттық талдау негіздері, құқықтық дайындық, жекелей жаттығу жүйесі, жарақаттың алдын алу, алғашқы көмек және спорт психологиясы сияқты пәндер енгізілген.

Мамандарды даярлаудың жаңа жүйесіндегі маңызды жаңалықтың бірі – Қазақстанда алғаш рет іске қосылған Executive MBA Sport Management халықаралық қос дипломды бағдарламасы. Оны Академия Францияның EKLORE-ed School of Management университетімен бірлесіп әзірлеген.

Бұл – елдегі спорт саласының мамандары мен басшыларына арналған алғашқы басқару магистратурасы. Бағдарлама басқарушылық ойлау қабілетін, халықаралық стандарттар мен спорт индустриясындағы нақты тәжірибелерді біріктіреді. Сонымен қатар шетелде тағылымдамадан өту және еуропалық диплом алу мүмкіндігін қарастырады.

Министрлік спортты дамытуда ғылыми негізделген, тұрақты әрі заманауи модельді енгізу жұмыстарын жалғастырады. Бұл ретте мамандарды сапалы даярлауға және олардың кәсіби жетістіктерін қолдауға басымдық беріледі.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#спортшыларлы даярлау #ғылыми модель #Қазақстан
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматыда жасөспірімдер арасында көркем жүзуден ҚР чемпионаты аяқталды

Бүгін 20:27

Дархан Сатыбалды соғыс ардагерлерінің шаңырағына барды

Бүгін 16:47

Тоқаев Мәскеудегі Жеңіс парадына қатысты

Бүгін 15:50

Айдын Рахимбаев пен жұбайы байлығының жартысынан көбін қайырымдылыққа жұмсамақ

Бүгін 14:18

“Айс Мұратова” ісі: Үш жүзге жуық адамды сан соқтырған алаяқ 12 жылға сотталды

Бүгін 13:21
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);