AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
    • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
    • • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Сайлау 2026 / Қазақстанда сайлауалды үгіт-насихат кезеңі басталд...

Қазақстанда сайлауалды үгіт-насихат кезеңі басталды: Бас прокуратура ескерту жасады

Сайлау 2026 23.07.2026, 12:25 465
Қазақстанда сайлауалды үгіт-насихат кезеңі басталды: Бас прокуратура ескерту жасады
gov.kz

Бүгін, 23 шілде сағат 18:01-ден бастап Қазақстанда сайлауалды үгіт-насихат кезеңі ресми түрде басталды. Ол 2026 жылғы 22 тамыз сағат 00:00-ге дейін жалғасады, – деп хабарлайды aqshamnews.kz тілшісі.

Бас прокуратураның мәліметінше, үгіт жұмыстары бұқаралық ақпарат құралдары, онлайн-платформалар, сайлауалды іс-шаралар және үгіт материалдарын тарату арқылы жүргізіледі.

Сонымен қатар, телерадиоарналарға жаңалықтар мен сараптамалық бағдарламаларда үгіт материалдарын таратуға тыйым салынады. Сондай-ақ кандидат немесе оның сенімді өкілі ретінде тіркелген журналистердің сайлау науқанын БАҚ арқылы жариялауына жол берілмейді. Бұл талаптарды бұзғандарға Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекске сәйкес айыппұл қарастырылған.

БАҚ пен онлайн-платформалар кандидаттар мен саяси партиялардың қызметін объективті жариялап, олардың ар-намысы мен іскерлік беделіне нұқсан келтіретін жалған ақпарат таратпауы тиіс. Заң талаптарын бұзғандарға 20-дан 50 АЕК-ке дейін айыппұл салынуы мүмкін.

Сондай-ақ үгіт материалдарын ақылы негізде орналастыратын БАҚ пен онлайн-платформалар орналастыру құны мен шарттары туралы мәліметті алдын ала Орталық сайлау комиссиясына ұсынуы қажет. Бұл талап орындалмаған жағдайда да әкімшілік жауапкершілік көзделген.

Бас прокуратура сайлау процесіне қатысушыларды заң талаптарын қатаң сақтауға, құқық бұзушылықтарға жол бермеуге және қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге шақырды.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#сайлау #құрылтай #бас прокуратура
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Қазақстан мен Германия өнеркәсіптік кооперацияны және көлік дәліздерін дамытуды талқылады

Бүгін 11:00

Тілге құрмет – Тәуелсіздікке құрмет: Алматы қаласының мұғалімі республикалық байқауда II орын иеленді

Бүгін 10:58

Republic Day және Bereke Fest: жекелеген тауарларға 50%-ға дейін жеңілдік

Бүгін 10:50

Марат Тоқашбаев: «Қазақстан тәуелсіздігі - ғасырлар бойғы арманның жемісі

Бүгін 10:48

Республика күні қарсаңында 70-тен астам велошабандоз Алматы көшелерінде көк туды желбіретті

Бүгін 10:31
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);