AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Экономика / Қазақстанда «қызыл аймақтағы» ЖЭО-лар саны 4 есеге...

Қазақстанда «қызыл аймақтағы» ЖЭО-лар саны 4 есеге қысқарды

Экономика Бүгін 11:10 41
Қазақстанда «қызыл аймақтағы» ЖЭО-лар саны 4 есеге қысқарды
Gov.kz

Ұлттық жоба аясында 20 өңірдегі 451 табиғи монополия субъектісінің жағдайы талданды, деп хабарлайды aqshamnews.kz тілшісі.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың 2025 жылғы «Жасанды интеллект дәуіріндегі Қазақстан: өзекті мәселелер және оны түбегейлі цифрлық өзгерістер арқылы шешу» атты Жолдауында берген тапсырмаларын орындау шеңберінде Үкімет энергетикалық және коммуналдық инфрақұрылымды жаңғыртуды жалғастыруда. Жұмыс тозуды азайтуға, нысандардың сенімділігін арттыруға, жаңа қуаттарды енгізуге және ТКШ-ні басқаруды цифрландыруға бағытталған.

«Қызыл аймақтағы» ЖЭО-лар саны 19-дан 5-ке дейін қысқарды

2024-2025 жылдары электр стансаларында 20 энергоблок, 118 қазандық және 84 турбина жөнделді. Электр стансаларының орташа тозуы 56%-дан 53%-ға дейін, ал жылу беру кезеңіндегі технологиялық ақаулар саны 32%-ға төмендеді.

2026 жылы 2,6 ГВт дәстүрлі және жаңартылатын қуат көздерін енгізу жоспарлануда

Бүгінде Қызылордада қуаты 240 МВт болатын бу-газ қондырғысы (БГҚ) іске қосылды, Текелі энергокешенін жаңғырту аяқталды. Ірі жобалардың қатарында – қуаты 1 ГВт болатын «Түркістан» БГҚ бар. 2027 жылы жаңа қуаттарды іске қосу электр энергиясына ішкі сұранысты жабуға мүмкіндік береді.

ТКШ-ны жаңғырту 700 ден астам жобаны қамтиды

Ұлттық жоба аясында 20 өңірдегі 451 табиғи монополия субъектісінің жағдайы талданды. Қазақстандық тұрғын үй компаниясының желісі бойынша шамамен 145 млрд теңгеге 103 жоба қаржыландырылды. Қаражат жылу, сумен жабдықтау және су бұру желілерін, су тазарту кешендерін реконструкциялауға және өндірістік процестерді автоматтандыруға бағытталады.

Сумен жабдықтау және су бұру желілерінің тозуы төмендеуде

Сумен жабдықтау бойынша көрсеткіш 2023 жылғы 40%-дан 2025 жылы 38%-ға дейін, су бұру бойынша 56%-дан 54%-ға дейін төмендеді. 2029 жылға қарай тозуды тиісінше 33%-ға және 41%-ға дейін төмендету жоспарлануда.

Smart Turmys коммуналдық саланың деректерін біріктіреді

Ұлттық платформа жылжымайтын мүлік нысандары, абоненттер, есептеулер, төлемдер және ресурстарды тұтыну туралы деректерді біріктіреді. 2026-2027 жылдары шамамен 4,76 млн интеллектілі есептеу аспаптарын орнату жоспарлануда. Автоматтандыру есептеулердің дәлдігін арттыруы, техникалық және коммерциялық шығындарды шектеуі және бүгінгі күні қолмен жасалатын 9,3 миллион есепке алу нүктелеріне техникалық қызмет көрсету шығындарын азайтуы тиіс.

2035 жылға қарай газбен қамту деңгейін 80%-ға дейін жеткізу жоспарлануда

2026 жылдың басындағы ақпарат бойынша табиғи газбен 13,1 млн адам немесе халықтың 64,2%-ы қамтамасыз етілген. Сонымен қатар, «Бейнеу – Бозой – Шымкент» газ құбырының екінші желісін қоса алғанда, газ тасымалдау және газ өңдеу инфрақұрылымы кеңеюде.

Энергетика мен ТКШ жаңғырту жұмыс істеп тұрған нысандардың сенімділігін арттыруды, жаңа генерацияны енгізуді, коммуналдық желілерді жаңартуды, газбен жабдықтауды дамытуды және есепке алуды цифрландыруды қамтиды. Бұл шаралар инфрақұрылымның тозуын азайтуға және коммуналдық қызметтердің сапасын арттыруға бағытталған.

Телеграм арнаға жазылыңыз
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматыда дүкендер мен дәмханалар орналасқан заңсыз нысан бұзыла бастады

Бүгін 11:48

Жұмыссыздық жәрдемақысы үш айға ғана тағайындалуы мүмкін

Бүгін 11:09

Олжас Бектенов пен Дүниежүзілік кеден ұйымының Бас хатшысы Иэн Сондерс ынтымақтастықтың өзекті мәселелерін талқылады

Бүгін 11:02

Алматыда электр энергиясы тағы қымбаттайды

Бүгін 10:05

Үкіметте «Қазақстан – Қытай» инвестициялық форумына дайындық мәселелері қаралды

Бүгін 09:46
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);