AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
  • Жаңа Конституция
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Не? Қайда? Қашан? / Қазақстанда қанша жалғызбасты және декретке шыққан...

Қазақстанда қанша жалғызбасты және декретке шыққан әке бар?

Не? Қайда? Қашан? 14.06.2025, 09:20 1,343
Қазақстанда қанша жалғызбасты және декретке шыққан әке бар?
Сурет: ЖИ

Маусымның үшінші жексенбісі – Қазақстанда Әкелер күні ретінде аталып өтеді. Бұл атаулы күн алғаш рет 2023 жылы ресми бекітілді. Мерекені белгілеуге Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі бастамашы болып, бұл - еліміздегі отбасы институтын нығайтуға ықпал етеді деп сендірді. Осы дата қарсаңында Аqshamnews.kz тілшісі елдегі жалғызбасты және декреттегі әкелер жайлы қызықты деректерді ұсынады.

Қазақстанда 52 мың жалғызбасты әке бар

2022 жылғы халық санағының қорытындысы бойынша, Қазақстанда 18 жасқа дейінгі баласы бар 476 мың жалғызбасты ата-ана тіркелген. Олардың 52 мыңы – ер азаматтар.  Яғни бұл – бала тәрбиесін жалғыз өз мойнына алған 52 мың әке. Арасында жесірлер де, ажырасқандар да, тіпті мүлде үйленбегендер де бар. Өкінішке қарай, Ұлттық статистика бюросы 2022 жылғы қолда бар кейінгі деректерді ғана ұсынды.

Елімізде бір емес, төрт рет декретке шыққан әкелер бар

2025 жылдың алғашқы 4 айында елімізде 863 әке ресми түрде декреттік жәрдемақы алған. Былтыр - 477, ал 2023 жылы 583 әке бала күтіміне байланысты әлеуметтік демалысқа шыққан.

Декретке шыққан әкелердің 65 пайызы 30 бен 40 жас аралығындағы азаматтар. Олар негізінен сауда, автокөлік жөндеу, ғылыми және техникалық қызмет, өңдеу өнеркәсібі, құрылыс, мемлекеттік басқару мен қорғаныс салаларында еңбек етеді. Яғни, бала тәрбиесі үшін уақытша еңбек үзілісін көбіне кәсіби ортада орныққан, жұмыс тәжірибесі бар азаматтар алады.

Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорының мәліметінше, бала күтіміне байланысты әлеуметтік төлем алып отырған ер азаматтардың 636-сы бұл төлемді алғаш рет алып отыр. 110 адам екінші рет, 21 азамат үшінші рет, ал 2 көпбалалы әке төртінші немесе одан да көп рет декретке шыққан. 

Географиялық тұрғыда қарағанда, декреттік демалыстағы әкелердің ең көп үлесі Алматы (112 адам), Астана (106 адам) және Жамбыл облысында (104 адам) тіркелген. Ал Ұлытау, Батыс Қазақстан, Абай, Қызылорда және Жетісу облыстарында бала күтіміне байланысты демалыс алатын ер азаматтар саны әлдеқайда аз.

Тұл қалған ер адамдар – 130 мыңнан асады

2021 жылғы мәліметке сай, елімізде 130 мың тұл ер адам бар. Бұл – өмірлік серігінен айырылған, бірақ көп жағдайда әке рөлін жалғыз арқалап жүрген азаматтар. Ал жесір қалған әйелдердің саны - 600 мыңға жуықтайды.  Бұл көрсеткіш ерлерден 5 есе көп.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#әкелер күні #статистика #Дерек
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Щучинсктегі дәмхана жарылысы: қаза тапқандар саны 12-ге жетті

Бүгін 12:23

Қарағанды ауруханада бала көз жұмды: министрлік мәлімдеме жасады

Бүгін 11:37

Рыбакина Германиядағы WTA-500 турнирінің финалына шықты

Бүгін 09:36

Қазгидромет бірнеше қаланың тұрғындарына ескерту жасады

Бүгін 09:10

Алматыдағы әскери институтта мектеп оқушылары үшін Ашық есік күні өтті

Кеше 17:36
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика