Форум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Мұны білген жөн / Қазақстанда митохондриялық алмастыру терапиясы сын...

Қазақстанда митохондриялық алмастыру терапиясы сынақтан өтіп жатыр

Мұны білген жөн Бүгін 12:18 39
Қазақстанда митохондриялық алмастыру терапиясы сынақтан өтіп жатыр
Өңірлік коммуникациялар қызметі

Қазақстанда митохондриялық алмастыру терапиясы сынақтан өтіп жатыр, – деп хабарлайды aqshamnews.kz тілшісі.

Қазақстан ана жағынан берілетін ауыр тұқым қуалайтын аурудың алдын алуға мүмкіндік беретін инновациялық әдіс – митохондриялық алмастыру терапиясын қолданатын әлемдегі алғашқы елдің қатарына енуі мүмкін. Өңірлік коммуникациялар қызметінде Ғылым қызметкерлері күніне орай өткен баспасөз конференциясында Вячеслав Локшин осы технологияның болашағы мен репродуктивті медицинаның дамуы туралы айтты.

«Өткен жылдан бері PERSONA емханасының базасында біз АҚШ-тан келген белгілі ғалым, әлемге танымал эмбриолог, Орегон денсаулық сақтау мен ғылым университетінің эмбриондық және гендік терапия орталығының директоры Шухрат Миталповпен бірлесіп клиникалық зерттеу жүргізіп жатырмыз. Қазақстан Ұлыбритания мен Грекиядан кейін бұл әдісті қолдана бастаған алғашқы елдің бірі болуы мүмкін. Бұл тұқым қуалайтын аурудың алдын алуда жаңа мүмкіндіктерге жол ашпақшы», – дейді спикер.

Оның айтуынша, бұл технология анадағы зақымданған митохондрияларды сау донорлық митохондрияларға алмастырады да, ата-ананың генетикалық материалы сақталады. Бұл бағытқа генетика, медицина мен биоэтика тоғысындағы ең болашағы бар жетістіктің бірі ретінде қарап отыр.

Жалпы, 2026 жыл осы сала үшін маңызды кезең болды. Қазақстанда ЭКҰ бағдарламасы арқылы дүниеге келген алғашқы баланың туғанына 30 жыл толды. Осы уақыт ішінде елдің репродуктивті медицинасы алғашқы тәжірибеден бастап генетика мене молекулалық биологиямен интеграцияланған жоғары технологиялық жүйеге дейін дамыды.

«Соңғы үш онжылдықта Қазақстанның репродуктивті медицинасы денсаулықты тиімді сақтайтын үлкен салаға айналды. Мамандардың кәсібилігінің арқасында елімізде көптен күткен 46 мыңнан астам бала дүниеге келді. Бұл дәрігерлердің, эмбриологтар мен ғылыми қауымдастықтың еңбегінің арқасы. ЭКҰ-ны Қазақстанда дамытуға атсалысқан халықаралық әріптестерімізге де алғыс айтамыз», – деді Локшин.

Саланың дамуына мемлекеттік қолдау да үлкен үлес қосты. Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен «Аңсаған сәби» бағдарламасы аясында ЭКҰ-ға бөлінетін квоталар саны жеті есеге артқан. Бұл кезекті қысқартып, бедеулікті емдеуде мыңдаған отбасыға мүмкіндік берді. 2021–2025 жылы ғана елдегі 18 емханада шамамен 34 мың ЭКҰ циклі жүргізіліп, нәтижесінде 13 мыңнан астам бала осылайша дүниеге келіпті.

Қазақстан осы салада медициналық туризм орталығына айналып келеді: соңғы 10 жылда елімізге 40-тан астам елден пациенттер келіп ем алған. Отандық клиникалар осылайша Орталық Азия мамандары үшін білім беретін базаға айналды.

«Қазіргі репродуктивті медицина ЭКҰ процедурасы ғана емес, ол жоғары технологиялық кешенді үдерістер жиынтығы да. Біз эмбриондардың генетикалық диагностикасын жүргіземіз, микробиомды талдап, жеке емдеу протоколын қолданамыз. Сонымен қатар, криоконсервация әдістері де дамып келеді, бұл әсіресе онкотерапия алдында фертильділікті сақтауға мүмкіндік береді. Мұның бәрі емдеудің тиімділігін арттырып, дені сау баланың дүниеге келу мүмкіндігін арттыра түседі», – дейді сарапшы.

Осындай жетістікке қарамастан, бұл салада біраз қиындыққа тап болып отыр. Олардың қатарында 35 жастан асқан әйелдердегі фертильділіктің төмендеуі, аналық без қорының аздығы кезінде емдеудің күрделілігі, сондай-ақ түрлі әлеуметтік топтарға технологияларды қолжетімді ете түсу бар.

Сонымен қатар суррогат ана болу, донорлық бағдарламалар мен генетикалық технологияны қолдану сияқты этикалық жағына да назар аударып отыр.

Мамандардың пікірінше, репродуктивті медицинаның болашағы пәнаралық тәсілдерді дамытуға, жасанды интеллектіні енгізуге, тіндік био-инженерия мен үлкен деректерді талдауға байланысты. Бұл бағыттар медицинаны жаңаша дамытуға жол ашады.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#денсаулық
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматының Жетісу ауданы жарықтандыруды, балабақша мен кәріз жүйесін жаңартқалы отыр

Бүгін 12:02

Алматыдағы Жетісу ауданы 12 гектар жерді абаттандырады

Бүгін 11:59

Алматының Жетісу ауданында 1200 орындық жаңа мектеп ашылады

Бүгін 11:55

Алматыдағы Жетісу ауданында биыл 42 шақырым жол жөнделмекші

Бүгін 11:53

Алматының Жетісу ауданында инвестиция 32%-ға өсіп, 40 млрд теңгенің жобасы іске асқалы жатыр

Бүгін 11:48
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика