AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Медицина / Қазақстанда ішектің қабыну аурулары жиілеп барады

Қазақстанда ішектің қабыну аурулары жиілеп барады

Медицина 17.11.2023, 05:39 2,270
Қазақстанда ішектің қабыну аурулары жиілеп барады
Сурет: Qaz-media.kz

Оған қоса осы дертке шалдыққан балалар мен жасөспірімдер көп.


Бұл жөнінде Алматыда ішектің қабыну аурулары жөніндегі Республикалық күзгі мектеп аясында өткен конференцияда айтылды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz 24.kz-ке сілтеме жасап. 


Отандық және шетелдік мамандар бүгінгі таңда диагностикалаудың әрі емдеудің заманауи әдістері арқылы бұл ауруды асқындырмай емдеуге болатынын айтады. Ішектің қабыну аурулары аутоиммундық дертке жатады. Ұзақ стресс, әртүрлі вирустық инфекциялар мен батыс тағам түрлерін жиі пайдалану бұл аурулардың өсуіне әкеліп отыр, - дейді мамандар. Айта кетерлігі бүгінде бұл патология 40 жасқа дейінгі адамдарда жиі анықтала бастапты.



«Өкінішке орай бұл диагноз кейде нәрестелерге де қойылады. Біздің мақсатымыз халық арасында дұрыс тамақтануды насихаттау. Сонымен бірге басқа жағымсыз факторлардың әсерін азайтуға көмектесу. Бұл қауіпті сырқаттан балалар мен олардың отбасы мүшелерін қорғауымыз қажет», - дейді «Кардиология және ішкі аурулар» ҒЗИ басқарма төрағасының орынбасары Жәмила Қайбуллаева.



Дәрігерлер дерттің ішек жарасы және Крон ауруы секілді екі түрі көп кездеседі дейді. Біріншісінде тек тоқ ішек зақымданса, Крон ауруы кезінде ас қорыту жүйесінің кез келген бөлігі зақымдануы мүмкін. Бірден бір белгісі-диарея. Бүгінгі таңда заманауи әдістердің арқасында бұл ауруларды тиімді емдеуге болады.  



«Биыл біздің дәрігерлер зерттеудің – магнитті-резонансты энтерография, интестиноскопия, ішектің ультра дыбыстық зерттеулері секілді тәсілдерін енгізді. Бұл науқастың ішек құрылысын толық зерттеп, дәрігерлерге нақты диагноз қойып, тиімді терапия тағайындауға көмектеседі», - дейді  «Кардиология және ішкі аурулар» ҒЗИ гастроэнтеролог-дәрігері Айнаш Танабаева.



Қазір елімізде ішектің қабыну ауруларына шалдыққан пациенттердің бірыңғай тізімі жасалуда. Бұл елдегі жағдай туралы нақты мәлімет алып, дәрігерлерге науқастарды дер кезінде және тиімді емдеуге мүмкіндік береді.


Телеграм арнаға жазылыңыз
#Ішек #қабыну аурулары #конференция #Алматы
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Президент ЖИ саласындағы негізгі мемлекеттік жобаларға тоқталды

Бүгін 15:25

Алматыда заңсыз салынған нысандарды бұзу жұмыстары жалғасуда

Бүгін 15:14

ДСМ тегін дәрілер тізімін жаңартты

Бүгін 15:10

Қасым-Жомарт Тоқаев: «Мемлекеттік деректердің бірыңғай жүйесі болмаса, жасанды интеллектіден пайда жоқ»

Бүгін 14:19

Президент Үкіметке цифрлық экономиканың ІЖӨ-ге әсерін бағалау бойынша ұсыныстар енгізуді тапсырды

Бүгін 14:08
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);