Freedom Референдум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
  • Референдум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • Референдум
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Нарық / Қазақстанда 761 базар бар

Қазақстанда 761 базар бар

Нарық 21.06.2021, 10:36 3,608
Қазақстанда 761 базар бар
Сурет:2Gis.kz.

ҚР-да 761 базар жұмыс істейді, еліміздің 17 өңірінің 3-інде бірде-бір көтерме сауда базары жоқ


 2021 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша, елде 761 базар болатын, бір жыл бұрынғыға қарағанда 2 базарға немесе 0,5%-ға аз, деп хабарлады Almaty-akshamy.kz. Finprom.kz cайтына сілтеме жасап. Олардың көпшілігі қалалық жерде орналасқан (515 базар, тек 246 ауылдық жерде). Өңірлік бөліністе базардың 14,6%-ы Түркістан облысында, 11%-ы Алматы облысында, 9,3%-ы Шығыс Қазақстан облысында болды.


Бір жыл ішінде базарлар аздап қысқарғанына қарамастан, сауда орындарының саны керісінше, 1%-ға немесе 184,6 мың орынға дейін біршама көбейді.


Өңірлік бөліністе сауда орындарының басым бөлігі Алматы облысында болды (бір жыл бұрынғыға қарағанда бірден 14,7%-ға өсіп, 24,2 мың болды). Алматы мен Жамбыл облыстары да көш басындағы үштікте тұр.



359 базар мен 145,9 мың сауда орны заңды тұлға компанияларға, тағы 402 базар мен 38,6 мың сауда орны жеке кәсіпкерлерге тиесілі болды.


761 базардың 17-сі коммуналдық базарға, 387-і жабық базарға жатқызылды. Тауарларды сатуға байланысты 260 базар мамандандырылған, 501 — әмбебап деп жіктелді.


Мәмілелер көлемі бойынша 36 базар көтерме, 725 базар бөлшек саудаға қатысты болды. Бұл ретте еліміздің кейбір өңірлерінде көтерме сауда базарлары жұмыс істемейді. Мәселен, Ақмола, Жамбыл, Қостанай облыстарында өткен жылы бірде-бір осындай нысан жұмыс істемеген.


 


Ел нарықтарының жалпы ауданы бір жылда 3,4%- ға, 7,9 млн шаршы метрге дейін өсті, оның ішінде ауылдық жерлерге 22,4%-ы тиесілі болды.


Базарлардың жалпы ауданы бойынша Алматы облысы көш бастап тұр: 1,5 млн ш.м. ТОП-3 құрамына Алматы мен Түркістан облысы да кірді.


Базарлардың материалдық-техникалық базасы біршама төмендеді. Осылайша, тоңазытқыш камераларының саны бір жылда 9,7%-ға, немесе1,5 мыңға дейін, контейнерлер 4,8%-ға немесе 40,7 мыңға дейін, ветеринариялық сараптама зертханалары 3,4%-ға немесе 254-ке дейін, сөрелер 1,4%-ға немесе 72 мыңға дейін, дүңгіршектер 0,3%-ға немесе 12,7 мыңға дейін қысқарды.


Елдегі базарлардың жалпы ауданы бір жылда 3,4%-ға, 7,9 млн шаршы метрге дейін өсті, оның ішінде ауылдық жерлерге 22,4%-ы тиесілі болды.


Телеграм арнаға жазылыңыз
#Медики #Пандемия #коронавирус #вторая волна #Қазақстан #көтерме #сауда
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

«Дос-Мұқасан» алғашқылардың бірі болып қол қойды: Алматыда Гиннес рекордына ресми старт берілді

Бүгін 17:26

ҚСЗИ-де жас сарапшылар жаңа Конституцияның негізгі жаңашылдықтарын талқылады

Бүгін 17:19

Еңбек ұжымы жаңа Конституцияны қолдады

Бүгін 17:12

Алматы бизнес қауымдастығы референдумды қолдады

Бүгін 16:59

Қасым-Жомарт Тоқаев пен Александр Вучич БАҚ өкілдерінің алдында сөз сөйледі

Бүгін 16:48
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі