конституция 2 шілде
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Білім және ғылым / Қазақстанда 1300 мектепті кезең-кезеңімен реноваци...

Қазақстанда 1300 мектепті кезең-кезеңімен реновациялау басталды

Білім және ғылым 28.02.2025, 13:56 784 dulatbekova
Қазақстанда 1300 мектепті кезең-кезеңімен реновациялау басталды
Сурет: Gov.kz
Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес таяудағы үш жыл ішінде Қазақстанда 1300-ге жуық мектеп реновацияланады, оның жартысынан көбі (54%) ауылдық жерлерде орналасқан, деп хабарлайды aqshamnews.kz.
 
Бұл туралы ҚР Оқу-ағарту министрлігінің баспасөз қызметі мәлемдеді.
 
Жоба қазіргі заманғы білім беру стандарттарына сәйкес келетін тоғыз негізгі бағыт бойынша іске асырылуда. Реновациядан өткізу мектептерді күрделі жөндеу, заманауи пәндік кабинеттермен жабдықтау, мектеп жиһаздарын жаңарту, кітапханалар мен асханаларды жаңғырту, спорт залдарын салу немесе реконструкциялау, рекреациялық аймақтар мен қоғамдық кеңістіктерді жабдықтау, сондай-ақ жаңа қауіпсіздік жүйелерін енгізу көзделген.
 
«Мемлекет жыл сайын мектеп инфрақұрылымын жақсартуға қаражат бөледі. 2025 жылы жаңарту 262 мектепті қамтиды, оның 141-і ауылдық жерлерде орналасқан. Жаңартылған ғимараттарда 200 мыңға жуық оқушы білім алады», - деп атап өтті инфрақұрылымды дамыту департаменті директорының орынбасары Роза Сембаева.
 
Жұмыстар аясында шатырды ауыстыру, қасбеттер мен терезелерді жаңарту, инженерлік коммуникацияларды — жылыту, сумен электрмен жабдықтау, кәріз бен желдету жүйелерін күрделі жөндеу жоспарланған. Сондай-ақ мектеп аумақтарын көркейту және көгалдандыру жүргізіледі.
 
Жоба үш жылға есептелген: 2025 жылы 262 мектеп жаңартылады, 2026 жылы – 436, 2027 жылы – 466. Сонымен қатар 2028-2029 жылдары Жамбыл облысында тағы 67 мектепті жаңарту жоспарлануда.
Телеграм арнаға жазылыңыз
#Қазақстан #Реновациялау #мектеп
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматыда Ұлттық домбыра күніне арналған «Домбыра – дастан» атты ауқымды мерекелік концерт өтті

Бүгін 11:34

Алматының коммуналдық қызметтері нөсер жаңбырдың салдарын жедел түрде жойды

Кеше 20:52

Иранда аятолла Әли Хаменеимен қоштасуға арналған аза тұту рәсімдері басталды

Кеше 17:50

Алматыдағы сенбілікке 2,4 мың адам қатысты

Кеше 15:41

Жаңа Конституцияны диалог пен шығармашылық арқылы жүзеге асыру: Алматыда ауқымды жастар науқаны өтіп жатыр

Кеше 15:09
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);