AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Саясат / Қазақстан ұлттың жаңа сапасын қалыптастыруға кіріс...

Қазақстан ұлттың жаңа сапасын қалыптастыруға кірісті

Саясат 29.12.2023, 12:36 1,498 Ерлан Қарин
Қазақстан ұлттың жаңа сапасын қалыптастыруға кірісті
Almaty-akshamy.kz

Өтіп бара жатқан 2023 жыл еліміз үшін тың бастамаларға толы болды. Биыл саяси жүйенің жалпы келбетін өзгерткен және жаңа экономикалық үлгінің негізін қалаған реформалар жүзеге асырылды. Сондай-ақ азаматтардың қоғамдық құндылықтар мен нормаларды қайта қарау, өзгерту қажеттігін ұғынуына ықпал еткен оқиғалар болды.  


2023 жылдың бірінші жартыжылдығында былтыр басталған саяси реформалар іске асырылды. Атап айтқанда, Конституциялық Сот жұмысын бастады (1 қаңтардан бастап), Парламенті Сенатының сайлауы өтті (14 қаңтар), Мәжіліс пен барлық деңгейдегі мәслихат депутаттары жаңа ереже бойынша сайланды (19 наурыз), Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің мәртебесі күшейтілді.  


Осылайша, бірінші жартыжылдық саяси жүйені институционалды тұрғыдан қайта қарау үшін қолға алынған күрделі үдерістің аяқталуымен қорытындыланды.  


2023 жылдың екінші жартыжылдығында мемлекеттік саясатта жалпыұлттық құндылықтар жүйесін қайта қарауға басымдық берілді. Бұл жұмыс Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Ұлттық құрылтайдың екінші отырысында, яғни Түркістанда сөйлеген сөзінен басталды (17 маусым). Осы алқалы жиында Мемлекет басшысы ұлтымыз үшін маңызды мынадай негізгі идеологемаларды атап өтті: Тәуелсіздік пен Отаншылдық, Бірлік пен Тұрақтылық, Әділдік пен Тілектестік, Заң мен Тәртіп, Сенім мен Жауапкершілік, Білімпаздық пен Кәсібилік, Үнемшілдік пен Еңбекқорлық.   


Кейін түрлі оқиғалар бұл мәселенің маңызды екенін көрсетті. Қоғамда заң мен тәртіпті сақтау, әйелдер мен балалардың құқықтарын қорғау, тұрмыстық зорлық-зомбылыққа тосқауыл қою, вандализм мен жүгенсіздікке қарсы күресу және басқа да мәселелер төңірегінде қызу пікірталас өрбіді. Мұның бәрі жеке және қоғамдық мәдениеттің жаңа нормаларын қалыптастыруға және оны сақтауға қалың көпшіліктің сұранысы арта түскенін аңғартады.   


Бір сөзбен айтқанда, Қазақстан ұлттың жаңа сапасын қалыптастыруға кірісті. Бұл – жаңа, аса күрделі және өте маңызды міндет. Саяси реформаларға қарағанда, бұл жерде заңнаманы өзгерту немесе жаңа институттар құру жеткіліксіз. Қоғам санасын бір сәтте өзгерту мүмкін емес. Бұл – кезең-кезеңімен, біртіндеп жүзеге асырылатын табиғи үдеріс. Жаңа қоғамдық этика жаңарған ұлттық менталитеттің негізі болуы үшін оған бағыт-бағдар беріп отыру керек. Міне, дәл осы мәселе алдағы 2024 жылы қоғам назарында болуы мүмкін.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Қазақстан #қоғам #заң
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Қолшатыр қауіпсіздікке қалқан бола ала ма?!

Бүгін 12:35

Әскери оркестр әуенімен өткен соңғы қоңырау: Алматыдағы №210 мектеп-лицейде ерекше шара өтті

Бүгін 12:06

Алматыда жаңа форматтағы емхана салынады

Бүгін 11:41

Алматыда 15 мыңнан астам қыз бала HPV-ге қарсы вакцина алды

Бүгін 11:25

Алматыда қатерлі ісікті ертерек анықтай бастады

Бүгін 11:22
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);