Freedom
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Өмір-өзен / Қазақстан Үкіметі халық санағын өткізу бойынша кең...

Қазақстан Үкіметі халық санағын өткізу бойынша кеңес өткізді

Өмір-өзен 13.07.2021, 16:19 1,634
Қазақстан Үкіметі халық санағын өткізу бойынша кеңес өткізді
Сурет: Feedc.com

Халық арасында ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын күшейту тапсырылды.


Үкіметте Премьер-Министрдің бірінші орынбасары Әлихан Смайыловтың төрағалығымен елімізде 2021 жылы ұлттық халық санағын өткізуге дайындық және ұйымдастыру мәселелерін шешу бойынша арнайы комиссияның отырысы өтті, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Primeminister.kz cайтына сілтеме жасап.


Премьер-Министрдің бірінші орынбасары санақ құрамын толық қамтамасыз ету және вакциналау мәселелеріне баса назар аударуды тапсырды.


Тиісті мемлекеттік органдар мен әкімдіктерге еріктілер ұйымдарын, студенттер мен жұмыссыз тұрғындарды сұхбаттасушы ретінде тарту бойынша жұмысты күшейту тапсырылды.


Санақ жүргізіліп жатқан кезде персоналдың қауіпсіздігін қамтамасыз ету, сондай-ақ жосықсыз адамдардың алаяқтық әрекеттерін тоқтату ескертілді.


Әлихан Смайылов өңірлердің басшыларына бұқаралық ақпарат құралдарындағы баннерлер мен билбордтарды, жарық диодты экрандарды, үнпарақтарды, тиісті ақпараттық хабарламаларды ғана емес, сонымен қатар хабарлау құралы ретінде тұрғын үйлердің топтық чаттарын да қарастыру арқылы халық арасында ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын күшейтуді тапсырды. Санақ науқаны аяқталғанға дейін елді мекендердің құрамдас бөліктерінің атауларын өзгертуге мораторийді сақтау мәселесі де қайта көтерілді.


Сондай-ақ, әңгіме мемлекеттік органдардың бірыңғай көлік ортасы шеңберінде, шалғай аудандар мен ауылдарда жоғары сапалы Интернетке қосылуды қамтамасыз ету үшін egov.kz веб-порталы мен sanaq.gov.kz сайтын интеграциялау аясында атқарылған жұмыстар бойынша ақпараттық ресурстарға қолжетімділікті қамтамасыз ету туралы болды.


Қорытындылай келе, Әлихан Смайылов жеке тұлғалардың құпия ақпаратын сақтаудың маңыздылығын тағы бір атап өтті және мұндай мәліметтер ҚР «Мемлекеттік статистика туралы» заңымен қорғалатынын еске салды.


Естеріңізге сала кетейік, 2021 жылғы Ұлттық халық санағы 1 қыркүйектен 15 қазанға дейін sanaq.gov.kz мамандандырылған веб-сайтында онлайн форматта жоспарланған, ал санақтан онлайн өтпеген азаматтар үшін қажетті санитарлық нормаларды сақтай отырып, әдеттегідей үй-үйді аралау 1-30 қазан аралығында ұйымдастырылады.


Телеграм арнаға жазылыңыз
#cанақ #перепись #Казахстан
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматы әкімі Жетісу ауданындағы көріктендіру жобаларымен танысып, бизнестің қатысуын күшейтуді тапсырды

Бүгін 18:47

Алматыда қала орталығындағы жазғы дәмхана сүрілді

Бүгін 17:55

Тұтынушылық кредит алушылар азайған

Бүгін 17:37

2025 жылы 1757 ресейлік Қазақстан азаматтығын алған

Бүгін 17:10

Алматы үйленуден көш бастап тұр

Бүгін 16:44
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика