Форум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Экономика / Қазақстан-Сингапур бизнес-форумында $275 млн долла...

Қазақстан-Сингапур бизнес-форумында $275 млн доллардың құжатына қол қойылды

Экономика 22.05.2023, 15:01 1,867
Қазақстан-Сингапур бизнес-форумында $275 млн доллардың құжатына қол қойылды
Сурет: Primeminister.kz

Қазақстанда 230-дан астам сингапурлық компания мен бірлескен кәсіпорындар табысты жұмыс істеуде


Астанада ҚР Премьер-Министрі Әлихан Смайылов пен Сингапур Президенті Халима Якобтың қатысуымен Қазақстан-Сингапур бизнес-форумы өтті. Жиында екі елдің мемлекеттік органдары мен іскер топтарының 200-ден астам өкілі бас қосты, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.


Өз сөзінде Әлихан Смайылов өткен жылдары мемлекеттер арасында берік және үйлесімді қарым-қатынастар қалыптасқанын атап өтті. Бүгінде Сингапур – Қазақстанның ASEAN аймағындағы ең ірі сауда және инвестициялық серіктесі. Былтырғы жылдың қорытындысы бойынша екіжақты тауар айналымы 65%-ға өсіп, $2 млрд-қа жуықтады. Сондай-ақ осы кезеңде сингапурлық инвестиция көлемі 6 есе өсіп, $400 млн құрап, рекордтық деңгейге жетті.



«Бүгінде Қазақстанда 230-дан астам сингапурлық компания мен бірлескен кәсіпорындар табысты жұмыс істеуде. Сонымен қатар экономикалық байланыстарымызды одан әрі кеңейтіп, тереңдетуге әлеуетіміз жетерлік. Бізде серпінді инвестициялық жобаларды жүзеге асыруға қажетті барлық алғышарттар бар», — деді Әлихан Смайылов.



Ол Қазақстанда ірі сингапурлық компаниялардың қатары белсенді түрде артып келе жатқанын атап өтті. Әсіресе, Үкімет басшысы Алматы облысында кең ауқымды G4 City жобасын жүзеге асырып жатқан Surbana Jurong-пен табысты серіктестікті, әлемге танымал Indorama өндірістік тобымен өзара іс-қимылды, сондай-ақ ҚТЖ мен PSA International арасындағы Орта дәлізді дамытуды жеделдететін бірлескен кәсіпорын құру бойынша келісімнің маңыздылығын атап өтті.



«Сингапурлық бизнестің Қазақстанда бірлескен жобаларды іске асыруға қызығушылығы артып келе жатқаны біздің еліміздің инвестициялық ахуалды жақсартуға үлкен көңіл бөліп отырғанын дәлелдей түседі. Бұл мемлекеттік қолдау шаралары мен түрлі преференциялар арқылы айқын көрінеді. Осылайша, экономиканың басым секторларына бағытталған арнайы экономикалық және индустриялық аймақтар жұмыс жасайды. Оған қатысушылар барлық қажетті инфрақұрылымға қол жеткізе алады. Біз сингапурлық әріптестерімізбен ынтымақтастығымызды одан әрі тереңдетуге дайынбыз», — деді Премьер-Министр.




Өз тарапынан Президент Халима Якоб Қазақстан Сингапурдың Орталық Азиядағы ең ірі серіктесі екенін атап өтіп, елдер арасындағы қарым-қатынастардың одан әрі нығая түсетініне сенім білдірді.



«Бүгінгі бизнес-форум Қазақстанда жобаларды жүзеге асыру мүмкіндіктерін зерттегісі келетін көптеген бизнес көшбасшыларын, оның ішінде, сингапурлық компаниялардың басын қосты. Күшейіп келе жатқан геосаяси сын-қатерлерді ескере отырып, бұл екі елдің экономикасын әртараптандыруға ықпал етеді. Осы тұрғыда Сингапур серіктестікті кеңейтуге әрдайым ашық. Орталық Азияның кіндік ортасында орналасқан Қазақстан өзінің орасан зор ресурстарымен әртүрлі мемлекеттер мен компаниялар үшін инвестициялық тартымды ел болып табылады», — деді Президент Халима Якоб.



Форум қорытындысы бойынша сауда, инвестиция, логистика және мемлекеттік қызметкерлерді оқыту салаларындағы ынтымақтастықты нығайтуға бағытталған бірқатар екіжақты келісімдер мен меморандумдарға, сондай-ақ құны $275 млн болатын коммерциялық құжаттарға қол қойылды.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Қазақстан-Сингапур #бизнес #форум
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматыда самокат жүргізушілеріне бақылау күшейтілді

Бүгін 17:01

12 жасқа дейінгі балаларға паспорт 5 жылға беріледі

Бүгін 16:09

Доллар арзандап кетті

Бүгін 16:03

Қазына іздеген қазақтар

Бүгін 15:50

Тоқаев Саясат Нұрбекті қабылдады

Бүгін 15:17
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика