AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Экономика / Қазақстан пойыздарында спутниктік интернет енгізу...

Қазақстан пойыздарында спутниктік интернет енгізу жұмыстары жалғасуда

Экономика Бүгін 12:45 26
Қазақстан пойыздарында спутниктік интернет енгізу жұмыстары жалғасуда
t.me/kolikpress

Қазақстанда жолаушылар пойыздарын спутниктік интернетпен жабдықтау бойынша ауқымды жұмыс жалғасып жатыр. Жоба Мемлекет басшысының цифрлық инфрақұрылымды дамыту, заманауи технологияларды енгізу және жолаушылар тасымалының сапасын арттыру жөніндегі тапсырмалары аясында жүзеге асырылып жатыр, – деп хабарлайды aqshamnews.kz тілшісі.

Спутниктік интернеттің қолжетімділігі

Көлік министрлігінен хабарлағандай, 2026 жылғы 8 қыркүйектегі жағдай бойынша Starlink спутниктік интернеті 31 бағытта қатынайтын 59 пойыз құрамында қолжетімді. Бұл 770-тен астам вагонды қамтиды. Қыркүйек айының соңына дейін 50 бағыттағы 124 пойыз құрамын, яғни 1 235 вагонды спутниктік интернетпен жабдықтау жоспарланып отыр.

Сынақ жобалары мен кең көлемде іске асыру

Төмен орбиталы OneWeb және Starlink спутниктік жүйелерін пайдалану бойынша алғашқы сынақ жобалары 2025 жылы Астана – Алматы, Астана – Өскемен, Астана – Бурабай, Астана – Семей және Алматы – Маңғышлақ бағыттарында жүзеге асырылды. 2026 жылы жоба кең көлемде іске асыру кезеңіне өтті.

Интернеттің қолжетімді бағыттары

Қазір спутниктік интернет жолаушылар көп қатынайтын бірқатар бағыттарда қолжетімді. Атап айтқанда, Нұрлы жол – Алматы, Нұрлы жол – Өскемен, Нұрлы жол – Орал, Нұрлы жол – Петропавл, Алматы-2 – Өскемен, Қызылорда – Семей, Ақтөбе – Алматы-1, Маңғыстау – Ақтөбе, Орал – Маңғыстау, Ақтөбе – Қазалы, Ақтөбе – Атырау және Павлодар – Алматы бағыттарында интернетке қосылуға болады.

Жолаушыларға ұсынылатын қызметтер

Спутниктік интернеттің енгізілуі жолаушыларға көрсетілетін қызмет сапасы мен сапар жайлылығын арттыруға, сондай-ақ, пойыздарда заманауи цифрлық орта қалыптастыруға мүмкіндік береді.

Енді пойыздағы уақытты тек жол жүруге жұмсау міндетті емес. Жолаушы сапар барысында жақындарымен байланысып, жұмыс мәселелерін шеше алады, онлайн оқи алады, мемлекеттік және банктік қызметтерді пайдаланып, қажетті интернет сервистеріне қол жеткізе алады.

Интернет жылдамдығы мен тарифтер

Спутниктік байланыс арнасы арқылы интернетке қосылу жылдамдығы секундына 100 Мбитке дейін жетеді. Төмен орбиталы спутниктік технологияны пайдалану теміржол желісінің шалғай учаскелерінде де интернетке қосылуға мүмкіндік береді. Мұндай аумақтарда дәстүрлі жерүсті байланыс желілерінің қамту аймағы шектеулі.

Жолаушыларға интернетті пайдаланудың тегін базалық пакеті ұсынылады. Оның аясында WhatsApp және Telegram мессенджерлері арқылы мәтіндік хабарламалар алмасуға қосымша ақы алынбайды. Ал интернеттегі басқа да сервистерді кеңінен пайдаланып, трафик көлемін ұлғайтқысы келетін жолаушыларға қосымша тарифтік пакеттер ұсынылған.

Цифрлық сервистерді дамыту

Спутниктік интернеттің енгізілуі пойыздарда мультимедиялық, ақпараттық және өзге де цифрлық сервистерді дамытуға мүмкіндік беретін технологиялық негіз қалыптастырады.

Дереккөз

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Қазақстан #пойыз #интернет
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматыда «Бүркітші» dark-триллерінің таныстырылымы өтті

Бүгін 15:39

Президент Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің төрағасы Мәдина Әбілқасымованы қабылдады

Бүгін 15:26

Жұлдыз Сүлейменова PISA-2025 зерттеуінде жоғары және тұрақты нәтиже көрсеткен өңірлерді атап өтті

Бүгін 15:21

Радиофобия дегеніміз не және ол неге қауіпті?

Бүгін 15:16

Президент Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің төрағасы Мәдина Әбілқасымованы қабылдады

Бүгін 15:16
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);