AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Медицина / Қазақстан мен Тәжікстан онкология саласындағыкәсіб...

Қазақстан мен Тәжікстан онкология саласындағыкәсіби әріптестікті кеңейтуде

Медицина Бүгін 11:19 36
Қазақстан мен Тәжікстан онкология саласындағыкәсіби әріптестікті кеңейтуде
Денсаулық сақтау министрлігі

Еліміздің онкологиялық орталықтарында 22 желілік үдеткіш және 20 гамма-терапиялық аппарат жұмыс істейді, деп хабарлайды aqshamnews.kz тілшісі.

Душанбеде Тәжікстан Республикасындағы Қазақстан медицинасының күндері аясында «Қазақстан – Тәжікстан: денсаулық сақтау, технологиялар және кадрлар саласындағы ынтымақтастық» форумы өтті.

Іс-шараға екі елдің жетекші медициналық ұйымдарының өкілдері қатысты. Форумда Қазақстанның онкология саласын Қазақ ғылыми-зерттеу онкология және радиология институты Басқарма төрағасы Ербол Бекмұхамбетов таныстырды.

Сапардың негізгі нәтижесі — ҚазОРҒЗИ мен Тәжікстанның Республикалық онкологиялық ғылыми орталығы арасында ынтымақтастық туралы меморандумға қол қою болды.

Құжат кәсіби тәжірибе алмасуды, заманауи медициналық технологиялар, диагностика мен емдеуді цифрландыру, ғылыми зерттеулер және кадрлар даярлау салаларындағы ынтымақтастықты дамытуды, онкологиялық көмектің озық әдістерін енгізуді, сондай-ақ бірлескен білім беру және ғылыми-практикалық іс-шаралар өткізуді көздейді.

«Бүгінде онкология саласы білім, технологиялар және клиникалық тәжірибемен тұрақты алмасуды талап етеді. Біз үшін тәжікстандық әріптестермен кәсіби серіктестікті дамыту және мамандардың бірлесіп жұмыс істеуіне мүмкіндік жасау маңызды. Бұл пациенттердің заманауи диагностика мен емдеу әдістеріне қолжетімділігін кеңейтіп, елдеріміз арасындағы ғылыми және білім беру байланыстарын нығайтуға мүмкіндік береді», — деді ҚазОРҒЗИ Басқарма төрағасы Ербол Бекмұхамбетов.

Бағдарлама аясында ҚазОРҒЗИ мамандары онкоурология, хирургиялық емдеу және мамандандырылған онкологиялық көмекті ұйымдастыру салаларындағы заманауи тәсілдерді таныстырды. Сонымен қатар Тәжікстан пациенттерінің Қазақстандағы жоғары технологиялық медициналық көмекке, оның ішінде ҚазОРҒЗИ базасында көрсетілетін сәулелік терапияға қолжетімділігін кеңейту мүмкіндіктері талқыланды.

Қазақстанның онкологиялық қызметін дамыту және оның технологиялық базасын нығайту нәтижесінде 2025 жылдың қорытындысы бойынша онкологиялық аурулары бар пациенттердің бес жылдық өмір сүру көрсеткіші 65%-ға жетіп, алдыңғы кезеңмен салыстырғанда 16%-ға өсті. Қатерлі ісіктерді ерте сатыларда анықтау үлесі 34%-дан асты, ал сәулелік терапияның қолжетімділігі 65%-ға жетті. Соңғы бес жылда онкологиялық аурулардан болатын өлім-жітім 14%-ға төмендеді.

Саланы дамытудың негізгі бағыттарының бірі — онкологиялық қызметті технологиялық жаңғырту. Қазақстанда бейімделген және 4D-сәулелік терапияны қоса алғанда, заманауи сәулелік терапия әдістері енгізілуде. Еліміздің онкологиялық орталықтарында 22 желілік үдеткіш және 20 гамма-терапиялық аппарат жұмыс істейді. 2024 жылы еліміздің бес өңірінде алты жаңа желілік үдеткіш іске қосылып, пациенттердің заманауи емге қолжетімділігін айтарлықтай кеңейтуге мүмкіндік берді.

Сонымен қатар жоғары технологиялық диагностика мен емдеу инфрақұрылымы дамып келеді: жаңа ПЭТ/КТ орталықтары ашылып, протондық терапия мен жоғары дәлдіктегі сәулелік терапия бағыттары дамуда.

ҚазОРҒЗИ халықаралық әріптестікті дамыту, заманауи технологияларды енгізу және пациенттердің жоғары технологиялық онкологиялық көмекке қолжетімділігін кеңейту бағытындағы жұмысты жалғастырады.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Қазақстан #тәжікстан #онкология
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматыда 1 қыркүйекке дейін 15 магистральдық көшеде орташа жөндеу аяқталды

Бүгін 10:42

Алматының Түрксіб ауданында 600 орындық жаңа №226 мектеп ашылды

Бүгін 10:38

Тоқаев Мирзиёевті Өзбекстанның Тәуелсіздік күнімен құттықтады

Бүгін 10:30

Алматы әкімі оқушыларды Білім күнімен құттықтады

Бүгін 10:18

Тоқаев Бішкектегі «Ырыс Ордо» конгресс-холына барды

Бүгін 10:09
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);